Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Берілген іс сапалы әрі мерзімінде аяқталуы тиіс"

"Берілген іс сапалы әрі мерзімінде аяқталуы тиіс"

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі №226 мектеп-гимназияға арнайы барып, ғимаратқа қосымша салынып жатқан спорт зал құрылысымен танысты.
Аудан басшысы мердігер мекеменің жауапты қызметкеріне құрылыс жұмыстары кешуілдеп жатқанын ескертті.
– Енді шамалы күннен кейін оқушылар мектеп табалдырығын аттайды. Бұл дегеніміз осында оқитын 800-ге жуық балаға қауіпті деген сөз. Құрылыс жүріп жатқан аумақты тез арада қоршап қойыңыздар. Содан кейін жұмысшылардың санын көбейтіп, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі тез арада аяқтаңыздар, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Осы арада өткен жылы Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айта кеткен жөн.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мұнан соң Әбілқайыр хан көшесіне барып, көшені қайта жаңғыртудан өткізіп жатқан «Кочевник» ЖШС-ның жауапты қызметкерімен кездесті.
– Бұл көшені жөндеу үшін қыруар қаржы бөлінді. Сондықтан жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтау қажет. Әйтпесе шаңы аспанға ұшып әлі жатыр. Көше тұрғындарынан Сіздердің жұмыстарыңызға қатысты сын-ескертпелер көп. Алдағы уақытта техникалардың санын көбейтіп, жол жөндеу үшін қажетті материалдарды тезірек алдырыңдар. Себебі белгіленген жұмыстар сапалы әрі мерзімінде аяқталуы керек, – деді аудан басшысы.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 тамыз 2021 ж. 857 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930