Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс қарқынды жүруде

Құрылыс қарқынды жүруде

Қазалы ауданындағы іргелі ауылдардың бірі – Бекарыстан би елді мекенінде жеке кәсіпкер Болат Сансызбаевтың демеушілігімен 100 орындық балабақша құрылысы қарқынды жүруде.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Майдакөл ауылдық округіне арнайы барып, балабақшаның барысын көрді.
Қазіргі таңда балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде құрылысшылар ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп, ауласын абаттандыруға кіріскен. Балабақшаға қажетті жатын орындар мен ыдыс-аяқтар толық алынған.
Ақтөбе қаласында тұратын жерлесіміз «Туған жерге тағзым» акциясы аясында салынып жатқан балабақшаны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Мұнан соң аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы Ақжона ауылдық округіне қарасты Жалпақ елді мекеніне барып, медициналық бекеттің құрылысымен танысты.
Бүгінгі таңда мердігер мекеме «Ахат+ГС» ЖШС нысан бойынша атқарылатын жұмыстардың 80 проценттен астамын орындап, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс басында 10 адам тынымсыз еңбек етеді.
Мердігер мекеменің жауапты қызметкері мән-жайды баяндаған соң аудан басшысы ең бірінші кезекте құрылыстың сапасына мән беру қажеттігін, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін жұмысты қарқынды жүргізуді тапсырды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
22 желтоқсан 2021 ж. 680 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 120

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 108

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930