Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Емхана құрылысы аяқталуға жақын қалды

Емхана құрылысы аяқталуға жақын қалды

Қазалы ауданында құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысанның бірі – Әйтеке би кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхана ғимараты.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындар үшін маңызы зор нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.Қазіргі таңда мердігер мекеме нысанның «А» блогы бойынша жылу жүйесін жүргізу және вентиляция орнату жұмыстарын аяқтауға жақын. Ғимараттың төбесіне шатыр жабу жұмыстары да аяқталып, кафель жабыстыру, электр желісін жүргізу, ішкі есіктерін орнату жұмыстары және лифт монтаждау жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, «А,Б,В» блоктары бойынша ғимараттың ауа желдеткішіне құрал-жабдықтарын орнату және ауланы абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ғимаратты мердігер мекеменің жауапты қызметкерлерімен бірге аралап болған соң, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.


"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
08 желтоқсан 2021 ж. 898 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 130

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 180

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31