Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхтар Оразбаев: Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс

Мұхтар Оразбаев: Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқаппен бірге бірқатар құрылыс нысандарына арнайы барып, жұмыс барысын көрді.

Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентінің Достық көшесінен салынып жатқан 250 орындық құрылыс басында мердігер мекеменің жауапты қызметкерлерімен кездесті.

Өткен жылы басталған білім ордасының құрылысы қазіргі таңда қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «А, Б, В» блоктары бойынша бірінші қабат қабырғаларының кірпіші өріліп, плитасы жабылды. В блогы бойынша екінші қабаттың қабырғаларына кірпіші қаланып, төбе жабынына плита төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Г» блогы бойынша іргетас табаны мен іргетасын монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Қ.Пірімов атындағы ауылына жол тартып, спорт кешенінің құрылысын көрді. Мердігер мекеме жауапты қызметкерінің айтуынша, спорт кешені ғимаратының қабырға кірпіші өріліп, әкімшілік ғимараты блогының төбе шатыры жабылған. Сонымен қатар спорт зал блогының төбе жабының жабу жұмыстары мен ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде. Ал, сыртқы жұмыстардан КТПН қондырғысы монтаждалып, ауыз су құбырлары жүргізілген.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құрылыс жұмыстарының барысын көрген соң мердігер мекеме мен тиісті сала басшыларына ең алдымен сапаға мән беруді тапсырды. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екендігін жеткізді.
26 қаңтар 2022 ж. 612 0

Бензин қымбаттады

06 ақпан 2025 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728