Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жетістікке ұмтылайық

Жаңа жетістікке ұмтылайық

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі қоғамның бүгінгі жас буынына жоғары жауапкершілік жүктейді. Өздерін ел ертеңі екенін жақсы сезінетін олар Президенттің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді. Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетте жастарға білім мен тәрбие беру, барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсету, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Оның айқын дәлелі 2019 жыл – Жастар жылы болып жариялануы десек жарасады.
Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, жаңашылдықты жаны сүйетін жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тиімді жоба ұсынып жүргендер баршылық. Бәрі де – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас тұрмыста өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ізденістен туындайтыны анық.
Биылғы Жастар жылында тың бастамалар бой көтеріп, жас толқындардың таудай талаптары өрлей береріне сенім мол. Әрқайсымыз сол жарқын істердің бел ортасынан табылып, ортақ шаруаның дөңгелене түсуіне лайықты үлес қосуға асығайық.
Гүлвира АХМЕТ,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің
инспекторы
16 ақпан 2019 ж. 2 773 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 142

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 136

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031