Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарқын болашақ кепілі

Жарқын болашақ кепілі

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа­ласында ұсынған негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін педагогикалық көзқараспен анық айта аламын. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында білім беру сапасын арттыру, үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт қалыптастырудың шаралары – үздіксіз жүргізілетіндігінің айғағы. Мемлекет басшысы еліміз жаңа әлем көшбасшысына айналу үшін жас ұрпақты жаңа технологиялық мүмкіндіктерді игеруге, өз бетімен ғылым, білім жолында ізденуге үндеп, бүгінгі күннің талабына сай инновация, «Цифрлы Қазақстан», IT салаларын дамытудың бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, елімізге дамудың жаңа сапасы қажет екенін жеткізді.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір, бойында патриоттық өшпес сезімі бар өскелең ұрпақтың қолында. Елдің әлемге танылуы да, гүлденіп, өркендеуі де солардың мойынында.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», – деген сөзі өскелең ұрпақтың болашағымен тікелей байланысты екенін білдіреді.
Елбасы жастарға, білім беру мәселесіне ерекше тоқталуда. Бұл бекер емес. Себебі, еліміздің болашағы, тікелей жастардың қол жеткізген жетістіктеріне және саналы тәрбие мен сапалы білім беретін ұстаздарға байланысты.
«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
Яғни, ұстаз – бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.
Ұлы Абай Құнанбайұлы: «Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы ғана озады», – деген екен. Ұлы ойшылдың осы бір даналық сөзі әлі күнге өз мәнін жоғалтқан жоқ. Білім – әрбір азаматтың әлеуметтік хал-ахуалының жақсаруының, мемлекетіміздің жан-жақты дамуының кепілі. Ал, ол білімді болашақ санасына құятын тұлға – ұстаз. Олай болса, ертеңгі өмірдің баянды да бақытты болуын қалаған әрбір адам ұстазға құрмет көрсетуді өзінің борышы деп санағаны дұрыс. Сондықтан, Елбасы Жолдау­да мұғалімдердің беделін көтеруге айрықша басымдық берген.

Берік ӘБИЕВ,
«Шағала» балаларды сауықтыру-демалыс орталығының директоры.
02 ақпан 2018 ж. 2 742 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930