Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолдау болса қиындық құрықталады

Қолдау болса қиындық құрықталады

Биылғы жыл ел жастары үшін жағымды жаңалықпен басталғаны белгілі. Елбасы өскелең ұрпақтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жан-жақты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал қазіргі таңда белең алған олқылықтарды басқаларға қарағанда жастар­дың өздері біледі десек қателеспейміз. Осыны ескерген аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары мекеме жанынан жастар кеңесін құрған болатын. Сейсенбі күні кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Жастар ресурстық орта­лығының директоры Олжас Ахметов төрағалық еткен басқосуға аудан өмірін жақсы білетін сала мамандары тартылды. Оның ішінде денсаулық сақтау, құқық қорғау, білім беру ісінің өкілдері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері мен мемлекеттік қызметкерлер жұмыс барысында кезігетін түйткілді мәселелерді талқыға салды. Жастар ісіне байланысты пікірге қаныққан кеңес төрағасы: «Биылғы жыл – біз үшін жаңа мүмкіндіктер жылы. Жүйелі жұмыс көлемін еселей түсетін уақыт. Елбасы ел жастарына назар аударып отырған сәтте тиімді жоспар құрып, оны жергілікті басшылыққа жеткізу арқылы толымды істерді жүзеге асы­руымыз керек. Жастар кеңесінің құрылу себебі де осы. Сондықтан өздеріңіздің және өскелең ұрпақтың келешек ел тұтқасын ұстар азамат атануды жетіл­діруді қажет ететін пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын», – деді.
Қазіргі таңда жұмыссыз, қоғамдық шаралардан тыс жүретін жастар мәселесі өзектілігін жоғалтпай келеді. Оларды мәдени-сауықтыру шараларына тарту, жұмысқа деген қабілетін арттыру жиынның басты тақырыбына айналды. Жақында ғана өз мәресіне жеткен «Zhas Project» жобасына аудан бюджетінен қаралатын баламалы қаржылай қолдау көрсетілсе деген ұсыныс көпшілік көңілінен шықты. Бұл өз кезегінде маргинал жастардың кәсіпке деген құлшынысын оятып, аудан бюджетінің еселене түсуіне оң әсерін тигізбей қоймайды. Бұдан бөлек жергілікті аумақта құрылысы басталғалы жатқан нысандарға жастардан құралған құрылысшылар жасаған кіріктіру мәселесі де толық шешімін таппай отыр. Бұл тұста қазалылық билік өкілдерінің мердігер компания басшыларымен келісімге келіп, жастарды уақытша болса да жұмысқа тарту жайына араласуы қажет-ақ.
Сондай-ақ, жастар ісімен айналысатын мамандарды артық жүктемеден арылту атаулы жылда атқарылар жұмысқа оң әсерін тигізетіні туралы да айтылды. Осы орайда ауылдық округтерге жастар мәселесімен айналысатын өкілдер бөлуді қарастыру ұсынылды. Жиылғандар жоғарыда көрсетілген ұсыныс-пікірлерді басшылық ескеріп, жақын арада оң шешімін табатынына сенім білдіріп, басқосуды қорытындылады.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
09 ақпан 2019 ж. 1 003 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930