Жастарды жігерлендіре түсті
Елбасы Жолдауы – еліміздің болашақ бағдары. Бұл құжатта экономиканың барлық саласына қатысты мәселе толық қамтылған. Жолдаудан еліміздің әрбір азаматы көкейіндегі сауалына жауап ала алады. Бастысы – Мемлекет басшысы елдің ертеңі жастарды әрдайым өзінің назарында ұстап келеді. Соның бір айғағы, келесі жылды елімізде «Жастар жылы» деп жариялауы.
Президент жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы қажеттігін атап өтті. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», –деді.
Республика жастары бұған дейін де аға буынның қолдауын әркез сезініп келді. Қамқорлықтан кенде болған жоқ. Ксәбіи білім алуға, кәсіп ашуға, жұмысқа тұруға қолайлы мүмкіндік жасады. Ал келер жылы саналы ұрпақты қолдау шаралары еселене түсіп, біздің көкейімізге үміт отын жағатынына сенім мол. Біз, Шығыстың жарық жұлдызы атанған Ғани Мұратбаевтың ізбасарлары саналатын қазалылық жастар Елбасы артқан үміттің үдесінен шығуға күш саламыз, мемлекеттің дамуына үлесімізді қосамыз.
Расында, осы Жолдау жастарға айрықша әсер етті. Жігерімізге жігер қосты.
Руслан ҚАЙЫРБАЙ,
жастар ресурстық орталығының инспекторы.