Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Панджшер» операциясының куәгері

«Панджшер» операциясының куәгері

Адамзат тарихында өз ауыртпалығымен жүрекке жара, санаға салқынын салып, он жылға созылған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл отыз жыл. Осындай зұлматты күндердің куәгері, Ауған соғысы ардагері Ерболсын Құлманов.

Әскерге бозбала болып аттанып, азамат болып оралған Ерболсынға уақыт безбенінің бір бөлігіне баланған солбір күндерді еске алу ауыр әрі қасіретті.

Күнделікті сынақтан зәрезап болған тұрғындар, мақсаттары өздеріне беймәлім беталыс, тау шатқалындағы шырғалаң күндер ештеңеден қаперсіз жасты тез есейтті. «Біздің азаматтық борышымызды өтеуге барған кезең Ауғанстандағы соғыспен тура келді. Бұйырықпен сол жақта бардық. Басқа әскерилер сияқты тапсырманы орындап, Отанды қорғадық деп ойладық», — деп алғашқы әңгімесін қысқа қайырған кейіпкердің нұрлы жанарынан өткен күнге деген өкінішті аңғару қиынға соқпады.

Қазалы аудынының Қожабақы ауылында дүниеге келген Ерболсын Тарғынұлы орта мектепті бітірген жылы механизатор болып еңбекке араласады. 1981 жылы Қазалы қаласындағы көлік жүргізушілер даярлайтын курстан білім алады.
1982 жылдың мамыр айында әскер қатарына шақырылып, Өзбекстанның Термез қаласындағы №44077 бөлімшесіне түседі. Ол жерден бронетранспортер (БТР) жүргізушісі мамандығын алады. 1983 жылы аға жүргізуші Е.Құлманов №86997 бөлімшесі құрамында Ауған жеріне аттанады.

Одақ әскерінің үлгілі «Дауыл-333», «Тайфун», «Кунар», «Құндыз», «Магистраль», «Удар» секілді жауынгерлік іс-қимылының бірі — «Панджшер» операциясы. Ерболсын құрамында болған 40-армия штаб, асу, бекініс бекеттерді алып, әскери әуе күштеріне қарсы алаңдарды анықтап, сан мың бүлікшінің көзін жоюға атсалысты. Көптеген жауынгерді ажал құштырып, енді бірін мәңгілік мүгедек еткен операцияларға қатысқан Ерболсын Панджшер алқабында жүзеге асқан ұрыс қимылдарының ең күрделісі Ахмад шах Масудты құрықтаған кез санайды.

БТР — ауыр көлік. Ал, Ерболсынға жүктелген қызу қақтығыс жүріп жатқан кезеңде кедір-бұдырлы тау арасымен әскерилерді аман-есен тасымалдау үлкен жауапкершілік пен қырағылықты, жедел шешім мен шапшаңдықты талап етеді.
«Панджшер арыстаны» атанған әскери командир иелігіндегі жер аса қауіпті аймақ саналады. Операциясының алғашқы күндерде 4 мыңнан астам кеңестік десантшы қару қақтығыстырса, кейіннен 12 мыңнан астам Кеңес жауынгері мен офицері топтастырылған.

— Шатқалдағы шайқаста аймақ алынғанымен, моджахедтер бізге қарсылығын тоқтатпайды. 40-армия бұйрық бойынша кеңестік сарбаздар Ауғанстаннан толық шығып кеткенінше жауынгерлік қиылды тоқтатпауға мәжбүр болды, — дейді ол күндер туралы. Осылайша 40-армияның Ауғанстанда жүргізген жауынгерлік қимылдары соңғы сағаттарға дейін жалғасады.

Ерболсын әңгімесінде: «Жоспарлысы болсын, жоспарсызы болсын, соғыстың аты соғыс. Онда күш сыналып қана қоймайды, адам шығыны орын алады. Оқ пен оттан оралған қарулас достар үшін сондай қиын сәттегі ауызбіршілік, бір-бірімізге деген алғаусыз сенім әлі құнды. Сол алға жетелейді. Бүгінде майдандас жігіттер ағайын-туыстай жақынбыз. Себебі, бізді бір арна тоғыстырды, ортақ мақсат алға жетеледі. Өкінішісі, қатарымыз жыл санап азайып барады. Оларға қандай құрмет көрсетілсе де аздық етпейді», — деп жастық шағын от-жалынға шарпытқан қандыкөйлек достарын ерекше сезіммен еске алды.

«Арыстанды» ауыздықтауға атсалысқан құрама жауынгерінің еңбегі ескеріліп, сол жылдары «Гвардия», «Кеңес әскерінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталады.
1984 жылы әскери міндетін абыроймен атқарған Ерболсын туған ауылына оралып, Қожабақы совхозында күрішші-механизатор болып еңбек жолын жалғастырды.

«Ерлік — елге үлгі, ұрпаққа ұран». Ерболсын Құлмановқа лайықты құрмет көрсетіліп, «Ғ.Мұратбаев» төсбелгісі, «Интернационалист жауынгер» грамотасы, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі, «Кеңес әскерімен жауынгерлеріне 70 жыл», «Ауған халқының интернационалист жауынгерге алғысы», «Батыр шапағаты», «Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл», 30 жыл толуы естелік медальдармен марапатталған.

Бұл күндері Қожабақы ауылындағы Арал-Сарбұлақ топтық су құбырында жұмыс істейтін соғыс ардагері жас ұрпаққа бейбітшіліктің бағасы биік, бәсі жоғары, ең қымбат құндылық екенін ұғындырудан бір сәтке де жалыққан емес.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
16 сәуір 2019 ж. 1 587 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930