Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет

Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл толып отыр. Қаншама қыршынның жастық шағын жалмаған сұрапыл соғысқа қазақ даласынан сайдың тасындай жігіттердің де аттанғандығы белгілі. Оның ішінде, Қазалы жерінің азаматтары да бар.
Осы орайда, зұлматты жылдарда ауған жерінде азаматтық борышын өтеген ардагерлерді Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев қабылдады.
– Cонау от пен оққа толы ауған жеріне біздің Қазалы ауданынан 67 жауынгер аттанды. Оның екеуі майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Ал, жеті адам елге оралып қайтыс болды. Сіздер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің лайықты ізбасары ретінде, жастарға отансүйгіштік рухты арттыру бағытында үлкен үлес қосып келесіздер. Сондықтан да барша халқымыз жат жерде намысын ту етіп ұстап, үлкен ерлік көрсеткен ауған соғысының ардагерлеріне тағзым етеді, – деді аудан әкімі.
Мұнан соң, жастық шақтарын сұрапыл соғыс даласында өткізген қаһарман жерлестерге «Алғыс хаттар» табыс етті.
Шара соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов сөз алып:
– Өздеріңіздің Отан алдындағы азаматтық борыштарыңызды абыроймен атқарып, құрмет-қошеметке бөленіп жүрсіздер. Өмірдің не екендігін, қадір-қасиетін білетін сіздер от пен оқтың астында болдыңыздар. Сондықтан, әрқашанда жақсы өмір сүріп, қоғамның белді мүшесі болып келесіздер. Ендігі жерде әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызда аманшылық, шаңырақтарыңызда шаттық болсын! – деген лебізін жеткізді.
Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ.
27 ақпан 2018 ж. 5 276 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30