Ауған соғысының ардагерлері ардақталды

Кездесуді "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында ауған соғысына қатысқан ардагерлер Қосмамбетов Ахметжан мен Серікбаев Бағдат сөз алып, отты жылдардағы естеліктерін айтты. Сондай-ақ өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, бүгінде жас ұрпаққа үлгі болып отырған ардагерлерге аудандық партия филиалының арнайы алғыс хаты табысталды. "Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп - құрметтеу – біздің борышымыз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық!"-деп Қасқырбек Өмірзақұлы кездесуді қорытындылады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.