Сыр елі Арыс қаласының тұрғындарына қолдау көрсетуде

Екі жолаушы пойызы («Москва-Бішкек», «Атырау-Алматы») «Сексеуіл» станциясы арқылы Жезқазған бағытымен Алматы, Бішкек қалаларына сапарын жалғастырды.
Жолаушылар пойызының бағыты өзгеруіне байланысты «Сексеуіл» станциясынан Қызылорда, Түркістан облыстарына баратын 500 жолаушыға межеленген жерлеріне жетуі үшін арнайы 14 вагондық станцияаралық пойыз бен 6 автобус қызмет көрсетті.
Шиелі станциясынан 82 жолаушыны Алматы қаласына автобуспен, 22 азаматты Луговой, Тараз және Шымкент қалаларына шағын көліктермен жөнелту ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Түркістан облысына, Шымкент қаласы аралықтағы жолаушыларды тасымалдау үшін 5 үлкен сиымдылықты автобус жіберілді.
Облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылып, (облыс әкімінің орынбасары-М.Имандосов) кез келген уақытта түрлі көмек көрсетуге дайын тұр.