Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Шымкент-Алматы» пойызында нәресте дүниеге келді

«Шымкент-Алматы» пойызында нәресте дүниеге келді

14 қаңтар күні Шымкент тұрғыны «Шымкент-Алматы-2» бағытындағы пойызда босанды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, Алматыға қарай жолға шыққан Айгүл Жүзбаева есімді келіншектің айы-күні жетіп тұрған. Сапар кезінде кенеттен толғақ қысқан. Абырой болғанда вагон жолсерігі мен пойыз бригадасының өзге де қызметкерлері барлық қажетті көмекті жасаған.

Сол күні кешке қарай Тараз стансасында жас ананы жедел медициналық жәрдем күтіп алып, жергілікті перзентханаға жеткізді. Таратылған мәліметке қарағанда, өмірге келген нәрестінің денсаулық жағдайы жақсы

Өз кезегінде жас ана Айгүл Жүзбаева көмек көрсеткен пойыз жолсеріктеріне алғыс айтты.

Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек керсету бойынша тұрақты түрде оқытылып келеді. Өткен жылы пойыздарда 10 нәресте дүниеге келген.
15 қаңтар 2019 ж. 1 729 0

Жұрт ағылған жәрмеңке

19 тамыз 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031