Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Tальго» билеттерін 20% жеңілдікпен алуға болады

«Tальго» билеттерін 20% жеңілдікпен алуға болады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап көктемгі қосымша жеңілдіктерді енгізетіні туралы хабарлайды. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңілдіктер «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының вагондар класына байланысты.
№ 701/702 «Астана-Алматы» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына – 15%, № 703/704 «Алматы-Петропавл» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына – 15%, № 709/710 «Астана-Шымкент» пойызының «Турист» класты вагондарына – 20%, № 89/90 «Астана-Қызылорда» пойызының «Турист» класты вагондарына – 20% жеңілдіктер қарастырылған.
Сондай-ақ, осы пойыздарда динамикалық тарифтерді басқару бағдарламасы жұмыс істейді. Онда билеттің бағасы сатып алған күнге байланысты өзгереді. Билетті алдын ала сатып алатын жолаушы 35%-дық жеңілдікке ие болады. Бірақ, пойыздың кету күні жақындаған сайын билет бағасы қымбаттайды.
Осылайша көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, 1 сәуірден бастап билетті алдын ала сатып алған жолаушыға 50%-дан артық жеңілдіктер ұсынылып отыр.
Дереккөз: kazinform.kz
syrboyi@yandex.kz
14 наурыз 2018 ж. 1 348 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 55

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 79

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 78

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031