Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанша қазақстандық автобус пен такси қызметін пайдаланады?

Қанша қазақстандық автобус пен такси қызметін пайдаланады?

Қазақстанда биыл 10 ай ішінде 13,7 миллиард жолаушы тасымалданды, тағы 5,1 миллиард жолаушы такси қызметін пайдаланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Негізгі автомобиль және қалалық электр көлігінің үлесі автобустарға түскен - 72,6 пайыз. Сонымен қатар, автобус тасымалы бір жыл ішінде 8,3 пайызға төмендеген. Ал такси қызметін пайдаланушылар көрсеткіші бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 43 пайызға өскен. 2018 жылы 10 айда автомобиль және қалалық электр көліктерімен 18,9 миллиард жолаушы тасымалданған. Жолаушыларды тасымалдау көшбасшысы - Алматы. Оның үлесі 4,2 миллиард адам (бір жылда 1,3 пайызға өскен). Екінші орында Астана (+2,3 пайыз, 2,1 миллиард адам), үшінші орында - Қарағанды (2,8 пайыз, шамамен 2 миллиард адам).

Жолаушыларды тасымалдау көрсеткіші Қызылорда облысында едәуір өскен: +8,7 пайыз жылына, 326 миллион адам. Бұл жаңа автобус паркінің ашылуына байланысты, онда 200 қоғамдық көлік бар. Оның құрылысына бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар, автобуспен жүру бағасы Қазақстан бойынша 2,4 пайызға өскен. Сондай-ақ, 2018 жылдың 10 айылқ есебі бойынша, жеке сектордан түскен табыс мөлшері байқалады. Жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысатын жеке ұйымдардың табысы - 82,5 миллиард теңге, оның 77 миллиард теңгесі автобуспен тасымалдау бойынша.

Мемлекеттік секторда жолаушыларды тасымалдау табысы - 842 миллион теңге, алайда бұл көрсеткіштің негізі бөлігін метрополитен алады - 841,4 миллион теңге. Автобуспен тасымалдау тек 0,5 миллион теңге түсірген. Жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысатын шетелдік жекеменшік иегерлерінің үлесі - 250,1 миллион теңге, негізгі табыс көзі автобус тасымалы - 237,3 миллион теңге, такси - 12,8 миллион теңге. 2018 жылдың қазандағы қорытындысы бойынша, қала ішінде автобуспен жүру құны 2,4 пайызға өсті. Талдықорғанда 33,3 пайызға өсті (60 теңгеден 80 теңгеге дейін), 14,3 пайызға - Павлодарда (70 теңгеден 80 теңгеге дейін).
29 қараша 2018 ж. 1 413 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 125

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 121

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930