Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыста дүкен мен үйді тонағандар ұсталды

Арыста дүкен мен үйді тонағандар ұсталды

Арыс қаласындағы төтенше жағдайды пайдаланып, бір үй мен дүкенді тонаған үш адам ұсталды.

«Оқиға орнында облыстық жедел штаб құрылды. Жедел желі іске қосылып, оған осы уақытқа дейін 11 мыңға жуық қоңырау келіп түсті. Қазіргі уақытта ұрлық-қарлықтың алдын алу үшін полицияның 75 наряды оқиға орнында жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, екі қылмысты жасаған үш адам ұсталды. Атап айтқанда, бір дүкен мен бір үй тоналған»,
- деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуына қарағанда, Арыс қаласына кірген және шыққан көліктердің барлығы тексеріліп жатыр.

«Төтенше жағдайдың салдарынан екі адам көз жұмды. Бірі Арыс қаласының әскери бөлімінің әскери қызметшісі, екіншісі Арыс қаласының тұрғыны. Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. 34 адам ауруханаға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған 12 адамға медициналық көмек көрсетілді»,
- деді ол.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.
25 маусым 2019 ж. 1 477 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930