Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басындағы жағымды жаңалықтар

Жыл басындағы жағымды жаңалықтар

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен елді мекендерді тазалық пен көгалдандыру мақсатында өткен «Үлгілі елді мекен» конкурсында Әйтеке би кенті «Үздік аудан орталығы» номинациясы үшінші орынға қол жеткізді.
Нәтижесінде соңғы үлгідегі жаңа техникалар ассенизатор машинасы мен жол тазалайтын тракторға қол жеткізді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің қолдауымен «Қазалы ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінің орманшы инспекторлар орман қоры жерлерін күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында 10 дана арнайы қызметтік мотоцикл және борттық КАМАЗ бен вахталық КАМАЗ көліктерінің кілтін иеленді. Бұл өз кезегінде орманшыларға жүктелген міндетті жоғары дәрежеде орындау үшін берілген мол мүмкіндік болмақ.
Сонымен қатар, жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасыр жасаған майдангер Қабақ Смағұл ақсақалдың әулеті «Мерейлі отбасы» байқауында аудандық кезеңнен, одан соң облыстық кезеңде жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алды.
БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәуелі бәйтеректей жапырағы кеңге жайылған «Смағұловтар» әулетінің республика бойынша өтетін байқауда үздіктер қатарынан көрінуіне аудан халқы тілекші екенін айтып өтті.
#Брифинг
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
03 тамыз 2023 ж. 375 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031