Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік үштіктің сапында

Үздік үштіктің сапында

Өткен бейсенбіде Әйтеке би кентіндегі орталық алаңда облыстық «Үлгілі елді мекен» конкурсында «Үлгілі аудан орталығы» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болған Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіне берілген жаңа техникаларды табыстау шарасы өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан халқын жетістікпен құттықтап, лебізін білдірді.
– Мемлекет басшысының «ҚР-ның ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығы шыққан болатын. Соған сәйкес, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру, елді мекендерді тазалық пен көгалдандыру мақсатында «Үлгілі елді мекен» конкурсы бастау алған болатын.
Тәуелсіз комиссияның шешімімен «Үздік аудан орталығы» номинациясы бойынша үшінші орын Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіне бұйырды. Аймақ басшысы лайықты жеңісімізбен құттықтап, соңғы үлгідегі жаңа техникалар ассенизатор машинасы мен жол тазалайтын трактордың кілтін табыстады.
Бұл жетістік – бірлік пен еңбектің нәтижесі десем артық болмайды. Яғни, бұл – аудан әкімдігі мен Әйтеке би кенті әкімдігі қызметкерлерінің, тазалықшылардың, қоғамдық ұйымдардың, кент тұрғындары мен қоғам белсенділерінің туған жеріне деген жанашырлығының арқасы, – деген аудан басшысы игі істе аянбай тер төккен жандарға алғысын білдірді.
Сондай-ақ, аудан әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен «Қазалы ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінің орманшы инспекторларына орман қоры жерлерін күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, 10 дана арнайы қызметтік мотоцикл, борттық КАМАЗ және вахталық КАМАЗ берілгенін айтып, жаңа техникалармен құттықтады.
Мұнан соң ауданымыздың тазалық жұмыстары мен көркейту-көгалдандыру шараларына белсенділік танытқан жандар облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар ІІІ орын иеленген Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров пен «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ардақ Кәдірге аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен жаңа техникалардың «Сертификаттары» табысталды.
Шарада Қазалы ауданының құрметті азаматы, Еңбек ардагері Өмірзақ Түктібай да сөз сөйлеп, көпшілікті абыройлы жеңіспен құттықтады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев шара барысында жаңа техникалармен танысып, жүргізушілерге кілттерді табыс етті. Мерейлі сәтте Қазалы ауданының құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қасқырбай Әлімбай аудан абыройы әрдайым асқақтай берсін деген тілегін білдіріп, батасын берді.
Кеште аудан өнерпаздары әуелете ән салып, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
15 шілде 2023 ж. 306 0

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 32

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 39

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031