Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алма ағашы көшетін табыстады

Алма ағашы көшетін табыстады

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Корей елі өкілдерінің бастамасымен Қазалы қаласының тұрғындарына 1757 түп алма ағашы көшетін табыс етті.
Қазалы қаласындағы Ояз бағында өткен шарада Корей елінің өкілі Ким Ги Хен қазалылықтарға лебізін арнап, Сыр аймағының жасыл желекке айналуына тілектес екендігін жеткізді.
Қазалы қаласы әкімінің орынбасары А.Әбілхан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы М.Елемесов сөз сөйлеп, тұрғындарды қаланы көркейтіп, көгалдандыруға, абаттандыруға шақырды.
Айта кетсек, қаланың көркейіп, айналаның жасыл желекке орануына үнемі атсалысып отырған Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты мемлекеттік орман қоры жерінің жалпы көлемі 1785579 гектар, бұның орман басқан алқабы 888751 гектар. Мекеме 1968 жылдан бастап екі салада жұмыс атқарады. Бюджет саласы бойынша мемлекеттік орман қоры жерін заңсыз бүлдіріп қиратуға жол бермеу, елді мекендерді көгалдандыру мақсатында екпе көшеттер өсіріп, оларды аудан мен ауылдық округтердегі тұрғындарға тарату және көшеттерді орман қоры жерінің жасыл аймағына егіп, молықтыру жұмыстары жасалынуымен қоса өсіріп, күтіп-баптау жұмыстарын бақылауда ұстайды.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ.




06 сәуір 2018 ж. 3 194 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930