Құрылыс нысандарына кезекті бақылау жүргізілді
Кеше ауданға жұмыс сапарымен келген партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов бүгін де бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты. Ең алдымен аманаттықтармен бірге аудан орталығы Әйтеке би кентінде бой көтеріп жатқан 250 орындық мектептің құрылысын көрді.
Білім ошағын биыл жаңа оқу жылына орай пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жөнінде мердігер мекеменің өкілі баяндады. Ал мектептің қазіргі ішкі және сыртқы жағдайымен жіті танысқан партия филиалының төрағасы кемшіл тұстарын айтып, жұмыстың баяулағанын, бәсеңдегеніне мердігер мен техникалық қадағалаушының осалдығынан екенін атап көрсетті. Сондай-ақ нысан басында жергілікті тұрғындардың да талап-тілектері тыңдалды.
Бұдан соң, Наурызбай Байқадамов құрылысы 2019 жылы басталған 600 орындық Мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстарының 90% жасалған. Ендігі кезекте ДЭС қондырғысы және сахна жабдықтарын орнату кезектілікте тұр.
Сондай-ақ осы күні «Әйтеке би-Қазалы» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарына да бақылау жүргізілді. Бақылау барысында Наурызбай Сейітқалиұлы құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін назарда болу қажеттігін айтып, жұмыстың бәсеңдігін сынға алды.
Бүгінде аталған құрылысты қайта жаңғырту жұмыстарымен «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС айналысуда. Мердігер мекеме автомобиль жолының негізгі қабатын 4 жолаққа дейін кеңейту және түнгі жарық шамдарды орнату жұмыстарын атқаруда. Нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, партияның облыстық филиалы төрағасының ауданға сапары барасында бірге аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Күнтілес Назымбеков, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық партия филиалының төрағасы Бақытжан Жарылқап, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Имандосов, облыстық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы мен аудандық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков болды.

#AMANAT
#PPKAMANAT
#PPKAMANAT