Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан тынысымен танысты

Аудан тынысымен танысты

Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов жұмыс сапарымен ауданда болды. Бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты. Наурызбай Сейітқалиұлы алдымен Әйтеке би кентінде абаттандырылып жатқан аумақты аралып, сала басшыларымен кездесті. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алдағы уақытта бұл жерде Жалаңтөс батырдың еңселі ескерткіші бой көтеретінін жеткізді.
Облыстық мәслихат хатшысы аялдаған келесі нысан аудан орталығынан салынып жатқан 600 орындық мәдениет үйі болды. Аудан ажарын айшықтай түсетін еңселі ғимараттың құрылысы облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынуда. Мәдени нысан жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Мұнан соң Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия мен Достық көшесінде салынып жатқан 250 мектеп құрылысын бағамдады. Мектеп-гимназияға өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы негізінде жаңа спорт зал салынды.
Достық көшесінің бойынан бұрынғы №170 мектептің орнынан жаңа білім ошағы бой көтеруде. Құрылыс жұмыстарын бастау мақсатында арнайы қаржы бөлінді. Мектеп құрылысы келесі жылы аяқталады деп күтілуде.
Бұдан соң облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жастармен кездесті. Білім ордасының материалдық-техникалық базасын көрді. «Жас маман» жобасы аясында алынған заманауи техникаларға өзінің оң бағасын берді.
Кездесуде Наурызбай Сейітқалиұлы: «Сапалы білім, саналы тәрбие беру әрбір оқытушының алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр студенттің парызы. Жастар – ел болашағы», – деді.
Өз кезегінде колледж студенттері жас ұрпаққа сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасаған ел ағаларына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Наурызбай Сейітқалиұлы бұдан кейін ауданның Қарақұм беткейіндегі «Майлыбай жалы» учаскесіне барды. Онда мал шаруашылығымен айналысып отырған азаматтармен кездесті. Келелі жүздесу барысында биылғы қуаңшылық зардабы мен қысқы мал азығын дайындау шаралары тілге тиек етілді.
Халық қалаулысының Қазалы ауданына сапары кезінде облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Мінәжадин Өтеев және аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, мәслихат депутаттары Ғазиз Әліш, Нұрғиса Жалғасбаев бірге жүріп, аудандағы кейбір мәселеге қатысты өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.

“ҚАЗАЛЫ” ақпарат
19 қазан 2021 ж. 519 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930