Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыстың сапалы жүргізілуін партия өз бақылауында ұстайды

Құрылыстың сапалы жүргізілуін партия өз бақылауында ұстайды


Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов жұмыс сапарымен Қазалы ауданына келді.
Ауданға жасаған сапары барысында партия филиалының төрағасы ең алдымен аудан орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 55 шақырым қашықтықта орналасқан Түктібаев ауылына барып, елді-мекен ішіндегі Жаңажол, Жаңажол орамы, Әбдіразақов және Орымбет Ишан автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарымен танысты.

Тапсырыс беруші мен мердігер мекеме «Нұрас и К» ЖШС өкілдері бүгінде 2,1 шақырымды құрайтын 4 көшеге гравийлі құмды қоспа және асфальт қабаты толықтай төселгенін айтып, қазіргі таңда жол жиегін бекіту жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.

Осы күні Наурызбай Байқадамов 10-ға жуық елді мекеннің жол қатынасының жақсаруына септігін тигізетін «Қарлаң» учаскесінде жүргізіліп жатқан темір-бетонды көпір құрылысын аралап, онда қазіргі таңда жасалып жатқан жұмыстармен жіті танысты. Құрылысшыларға көпірдің маңыздылығы жоғары екенін атап өткен аманаттықтар, уақытылы әрі сапасына мән беру қажеттігін айтып, партия ұдайы бақылауда ұстайтындығын жеткізді.

- Бұл көпір құрылысының аудан тұрғындары үшін маңыздылығы өте жоғары. Техникалық қадағалаушы ұдайы құрылыс басында болып, сапасына, кемшіл тұстарына тұрақты бақылау жасау қажет. Жергілікті халық сенім артқаннан кейін жұмыс жүргізілу керек. «AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комиссиясы көпір құрылысын тұрақты бақылауда ұстайды және тиісті ұсыныстар беретін болады, - деді Наурызбай Сейітқалиұлы.

Сондай-ақ, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқандығын, жеделдету мақсатында қосымша жұмысшыларды тарту қажеттігін атап өтті.

#AMANAT
#PPKAMANAT
07 маусым 2023 ж. 446 0

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 40

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 87

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 136

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 144

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 104

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031