Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біліктіліктің кепілі

Біліктіліктің кепілі

Бірінші қыркүйек – білім күні. Бұл күн түрлі саладағы мамандардың балалығын еске салады. Сары күздің ең алғашқы күнінде мектептердің есігі миллиондаған оқушылар үшін айқара ашылмақ.
Елімізде Білім күні дәстүрлі түрде мектеп шеруімен өткізілетін ең маңызды оқиға, естен кетпес ғажап сәттер. Бұл күні оқушылар бір-біріне құттықтаулар айтып, мұғалімдеріне гүл сыйлап, мерекелік шаралар өткізеді. Адамды тек білім, білік қана алға қойған мақсатына жеткізеді. Сондықтан әр адам өзінің дүниетанымын тереңдетіп, өзін-өзі жетілдіре білуі керек.
Әйгілі диқан Ыбырай Жақаев: «Өмір бір-ақ рет беріледі, жарқ етіп өте шығады. Сондықтан да әр күніңді ардақтап, әр мезетіңнің құнын біл», – деп өсиет қалдырыпты. Қара жердің тілін білген сол атамыз «әр мезетіңнің құнын біл» дегенде үйрен, білімді адамның алмайтын қамалы, аспайтын асуы болмайды деген болар.
Адамның бойындағы бар байлық – білім. Ол бір іштегі жатқан ұшқын секілді. Егер ұштасаң – жалынға, жалыннан – жарыққа айналады. Ұштамасаң, өзіңдегі бар нәрсе бықсып, түтіндеп сөнеді де, қараңғылыққа бастайды. Оның сөнгені – бар байлығыңның жоғалғаны. Қараңғылық, ол – адасушылық. Ал егер жалынға жетсең, олардың ұшқындауына әсеріңді тигізгенде ғана шамшырақ бола түсесің.
Біліктілік, білімділік жетістікке, жеңіске жеткізеді. Қараңғылықтың өзіне жарық ­орнатады. Өзін білуге тырыспау, өзгелерді білгісі келмеу, ізденбеу, алға ұмтылмау – нағыз надандық! Ал надандықтың жолы қашанда қасіретке бастайды. Иә, тек ақылды адам ғана қоғамнан өз орнын адаспай таба алады.

Гүлмира ҚАБЫЛ
№204 орта мектептің мұғалімі
31 тамыз 2021 ж. 462 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 144

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031