Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік құттықтау

Мерекелік құттықтау

Құрметті ұстаздар!
Қымбатты оқушылар мен ата-аналар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде осы күн мәңгіге сақталады. Ал ұстаздар үшін жаңа бастамалар мен ізденістердің, тың идеялардың символы.
Еңбектің ең үлкені – білім! Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі еліміздің болашағы да білім мен тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы саланың жандануына ерекше көңіл бөліп келеді.
Жыл сайын заманауи үлгіде мектеп пен балабақшалар тұрғызылып, оқу-тәрбие мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мұны біздің аудан өмірінен де көруге болады.
Қадірлі ұстаздар!
Өздеріңіз білесіздер, соңғы екі жылда пандемия жағдайына байланысты балалар онлайн оқыды. Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар дәстүрлі форматта білім алады.
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Білім баспалдағын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тілеймін.
Қиын да күрделі қызметте жүрген ұстаздар қауымының дендеріне саулық, ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі міндеттерін мінсіз, абыройлы атқаруларына тілектестігімді білдіремін.
Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар ОРАЗБАЕВ
31 тамыз 2021 ж. 2 363 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930