Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық ұстаз "Ы. Алтынсарин" төсбелгісінің иегері

Қазалылық ұстаз "Ы. Алтынсарин" төсбелгісінің иегері

Кеше Қызылорда қаласында «Білімді Ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында өткен педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясында қажырлы қызмет етіп, көпке үлгі болған ұстаздар марапат биігінен көрінді.
Салтанатты шарада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова №276 орта мектебі директорының орынбасары Орымбас Бағдат Ақжігітқызына ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісін табыстады.
Бағдат Ақжігітқызы 38 жыл көлемінде білім беру ісіне елеулі үлес қосып, ауданның білім саласына ерекше еңбек сіңірген үздік ұстаз. Еңбек жолында мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры, Ғ.Мұратбаев атындағы мемориалдық мұражайының директоры, аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Бүгінгі күні Әйтеке би кентіндегі №276 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып, білім саласының өркендеуі үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
27 тамыз 2021 ж. 1 175 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 143

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031