Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыз-келіншектер 8 наурызға қандай сыйлықты күтеді? (Сараптама)

Қыз-келіншектер 8 наурызға қандай сыйлықты күтеді? (Сараптама)

Қазақстандық нәзік жандылар 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне қандай сыйлықтар алғысы келетінін Deloitte компаниясы анықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Компанияның зерттеуінше, 59 пайыз әйелдер сыйлыққа гүлді қабыл алғысы келеді. Сәйкесінше, 90 пайыз ер азаматтар гүл сыйлайтынын жеткізген. Ал қалған 10 пайызы басқосу ретінде түскі немесе кешкі асты ұйымдастырмақ.
Еркектер сыйлыққа орташа көрсеткішпен 33 000 теңге жұмсайды және ерлер әйелдерге қарағанда сыйлыққа 40 пайыздан жоғары шығынға ұшырайды. Сондай-ақ, 50 пайыз жігіттер әйелдеріне саны үш заттан бастап бес сыйлыққа дейін сыйлауға әзір. Ал 23 пайызы 10 заттан артық сыйлық сыйлауға дайын екендігін жасырмаған. Сараптама нәтижесі бойынша 36 жастан асқан нәзік жандылардың 37 пайызы шет елге демалыс жолдамасын алғысы келетінін мәлімдеген.
Яғни, жасы 26-35 аралығындағы әрбір үшінші қыз-келіншек (31%) зергерлік бұйымдарды сыйлыққа алғысы келеді. 35 жастан асқан әйелдер 8 наурызға сыйлыққа көлік алғысы келсе, жас қыздар жігіттерден косметика мен опа далапты күтеді екен. Қыздардың 90 пайызы өз аналары мен әжелеріне, құрбылары пен әпкелеріне сыйлық үлестіреді. Бір қызығы, әрбір қыз өзіне қажетті затты екінші құрбысына сыйға тартады екен. 56 пайыз әйелдер 8 наурызда ешкімнен сыйлық күтпейді.
Зерттеу нәтижелері бойынша 10 қазақстандықтың бесеуі өз әріптестерінен қабыл алатын сый-сияпат шығыны көңілге қонымсыз, ақшаны түк өтемейтінін жеткізген.
03 наурыз 2018 ж. 2 544 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031