Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Декреттік демалысқа шығатын аналар нені білуі керек

Декреттік демалысқа шығатын аналар нені білуі керек

2018 жылдан бастап декреттік демалыстағы аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері артты. Бұдан былай бірінші, екінші және үшінші баласын босанған аналар мемлекеттен 38 АЕК, яғни 91390 теңге көлемінде, ал төртінші және одан да көп бала босанған әйелдер 63 АЕК, яғни 151 515 теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алады. Бұдан өзге, декреттік демалысқа шығатын аналар не білу қажет?
Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Гүлбағила Болатбекова “Ана мен бала” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
Министрлік өкілінің айтуынша, жұмыс істейтін әйелдерге жүктіліктің 30-аптасында еңбекке жарамсыз деген қағаз беріледі.
“Бұл парақта бала туғанға дейін 70 күн тізбелікке, бала туғаннан кейін 56 күн тізбелікке, жалпы 126 күнге ақы төленеді. Табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлем ретінде төлейміз”, – дейді ол.
Маманның айтуынша, жұмыс істейтін әйел азаматтары әлеуметтік көмек ала алады. Оның соңғы 12 айдағы орташа жалақысы есептеледі.
“Соның 100 пайызы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді”, – дейді Гүлбағира Болатбекова.
Сондай-ақ, бала 1 жасқа толғанға дейін бала күтіміне мемлекеттік әлеуметтік көмек төленеді.
“Ол кезде соңғы 2 жылдағы орташа айлығын 40 пайызға көбейтіп, соны ай сайын төлеп отырамыз. Ал еңбек етпейтін студенттер мен үйде отырған азаматшаларға ай сайын бірінші балаға -14 мыңдай, екінші балаға – 16 мыңдай, үшінші балаға – 19 мыңдай, 4 және одан көп балаға – 21 мыңдай ақша төленеді”, – дейді министрлік өкілі.
Аталған әлеуметтік көмектерден құр қалмау үшін декреттік демалысқа шығатын аналар Халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркелеуі шарт. Сондай-ақ, жұмыс істейтін әйелдер қызмет орнынан Еңбек кітапшасына мөр басқызып, оны мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өткізуі керек. Ең басты құжат осы, дейді маман.
stan.kz​​​
19 қаңтар 2018 ж. 10 689 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031