Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асқар Жұмаділдаев: Жетістігімнің бәрі туған жерімнен тамыр тартады

Асқар Жұмаділдаев: Жетістігімнің бәрі туған жерімнен тамыр тартады

Осы күнге дейін қандай нәтижеге қол жеткізсем, соның бәрі туған жерімнен тамыр тартады. Бұл туралы Қызылордада өткен «Туған жерге тағзым» форумында академик Асқар Жұмаділдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Туған жер туған үйіңнен, туған үйіңнің табалдырығынан басталады. Мен үшін ол қара құм, қара жел, жыңғыл, тораңғыл, ұғымдарымен сабақтасып жатыр. Бұл дүниеде жыңғылды, жантақты ешбір роза гүліне де, басқаға да теңестірмес едім. Менің бойымда қандай да бір артықшылық болса, осы күнге дейін қандай нәтижеге қол жеткізсем, соның бәрі туған жерімнен тамыр тартады», - деді Қызылордада өткен «Туған жерге тағзым» форумында академик Асқар Жұмаділдаев. Академиктің айтуына қарағанда, туған жерге келіп, тағзым ету, елдің алдында бас ию үлкен мәртебе. «Бейнекамера мен теледидар шығаратын «Sony» корпорациясының президентінен: «Осынша білімді болуыңыздың құпиясы неде?» деп сұрапты журналист. Сонда Исикава: «Адамның алатын ақпаратын 100 пайыз деп алсақ, оның 75 пайызы - 12 жасқа дейін, 15 пайызы - 6 жасқа дейін, қалған 5 пайызы 4 жасқа дейін кіреді, қалған уақытта бәрібір кірмейді» деп жауап берген екен. Менің ақыл-ойымның 99 пайызы осы Сыр өңірінде өткізген 12 жыл ішінде қалыптасқан болуы керек»,- дейді ғалым. Айта кетейік, аталған форумға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және Сыр өңірінде дүниеге келіп, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқан белсенді тұлғалар қатысты.
http://www.http.inform.kz
14 желтоқсан 2017 ж. 2 361 0

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 55

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 88

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 49

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 48

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031