Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асқар Жұмаділдаев: Ақыл-ойымның 99 пайызы Сыр өңірінде қалыптасты

Асқар Жұмаділдаев: Ақыл-ойымның 99 пайызы Сыр өңірінде қалыптасты

Сыр өңірінде жалғасын тапқан "Туған жерге тағзым" акциясына арнайы келген академик Асқар Жұмаділдаев Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын алды. "Туған жерге тағзым" салтанатты шарасында жүрекжарды лебізін білдіріп, өлеңін оқыды.
"Туған жер туған үйіңнен, туған үйіңнің табалдырығынан басталады. Мен үшін ол қара құм, қара жел, жыңғыл, тораңғыл, ұғымдарымен сабақтасып жатыр. Бұл дүниеде жыңғылды, жантақты ешбір роза гүліне де, басқаға да теңестірмес едім. Ешкі-лақ роза гүлді жемейді. Ал жантақты жейді. Өйткені оның нәрі бар. Менің бойымда қандай да бір артықшылық болса, осы күнге дейін қандай нәтижеге қол жеткізсем, соның бәрі туған жерімнен тамыр тартады.
Бейнекамера мен теледидар шығаратын «Sony» корпорациясының Президентінен: «Осынша білімді болуыңыздың құпиясы неде?» деп сұрапты журналист. Сонда Исикава: «Адамның алатын ақпаратын 100 пайыз деп алсақ, оның 75 пайызы – 12 жасқа дейін, 15 пайызы – 6 жасқа дейін, қалған 5 пайызы 4 жасқа дейін кіреді, қалған уақытта бәрібір кірмейді» деп жауап берген екен. Менің ақыл-ойымның 99 пайызы осы Сыр өңірінде өткізген 12 жыл ішінде қалыптасқан болуы керек.
Туған жерге келіп, тағзым ету, елдің алдында басымды ию – мен үшін үлкен мәртебе, зор бақыт. Алдағы Тәуелсіздік күнімен, келер жылы аталып өтетін Астананың 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерекелерімен жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын. Аймақ халқы табысқа кенеліп, Сыр елі қарыштай берсін деп тілек білдіргім келеді".
alashinform.kz
17 желтоқсан 2017 ж. 2 078 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 143

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031