Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кімдер 6 млн жалақы алады?

Қазақстанда кімдер 6 млн жалақы алады?


Еліміздегі танымал сервистердің бірі HeadHunter Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығына қатысты статистикалық мәліметтерін бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда орташа есеппен бір жұмыс орнына екі адамнан келді. Ал жұмыс берушілер өз кезегінде 2016 жылмен салыстырғанда қызметкерлеріне көбірек жалақы төлеуге дайын болды.
Компанияның мәліметінше, 2017 жылы жұмыс беру саласында айтарлықтай өзгеріс болмады. hh.kz сайты жүргізген анализ нәтижесінде жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін «Мансап жолының басы» бөлімінде орналастырғандары белгілі болды. Екінші және үшінші орында «Сауда-саттық» және «Бухгалтерия» салалары тұр.
«Мемлекеттік қызмет», «кеңес беру» және «үй персоналы» салалары мамандарының белсенділігі төменірек болды», — деп түсіндірді HeadHunter өкілі.
2016 жылы аутсайдерлер тізіміне «сақтандыру», «инсталляция» және «үй персоналы» салалары енді. Жұмыс іздеушілер алғысы келетін жалақы ретінде 2016 жылы 100 мың теңге, 2017 жылы 102 мың теңгені көрсеткен.
2017 жылы hh.kz сайтында ең жоғарғы жалақысы бар вакансияны Алматы және Астана қалаларының жұмыс берушілері ұсынғаны белгілі болды. Жұмыс берушілер «бас директор» қызметіне тұрушыларға 6,6 млн теңге немесе 20 мың доллар көлеміндегі жалақы ұсынды.
«Бұл қызмет көптеген міндетті қамтиды әрі асқан жауапкершілікті талап етеді. Оның үстіне жұмыс кестесі де ретке келтірілмеген. Сол себепті, мұндай қызметкерлер жалақысының жоғары болатыны сөзсіз», — дейді компания өкілі.
Baq.kz
16 қаңтар 2018 ж. 1 386 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031