Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік дүкен ашылды

Әлеуметтік дүкен ашылды

Елде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, қолдау көрсетілуде.
Осы орайда өткен жұмада ауданда әлеуметтік «Рақмет» дүкені ашылды. Бұл жобаны Әйтеке би кенті әкімі аппаратының қолдауымын аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Асылхан Дәрібаев қолға алған. Ол жұртшылықты игі істің ұйытқысы болуға шақырды:
– Әрбір үйде пайдаланылмайтын басы артық тұрмыстық заттар болуы әбден мүмкін. Ал осыны мұқтаж жандарға беріп, қайырымдылық жасауға асығып, жұмыла жұмыс жасасақ көптің қуанышына сеп болар едік. Егер халық осында көптеп бас сұғатын болса, ауқымды жерге ауыстыратын боламыз. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлерден дүкенді кеңейтуде үлкен қолдау күтеміз, – деді.
Шара барысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев сөз сөйлеп, жақсы бастамаға игі тілегін білдірді.
Әйтеке би кенті әкімі аппараты ғимаратының екінші қабатында орналасқан дүкен дүйсенбі мен жұма күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді.
Еске салсақ, «Birgemiz»: «Qamqor»жобасы аясында Арықбалық, Құмжиек ауылдық округтерінде тұрмысы төмен отбасыларына арналған әлеуметтік дүкен ашылып, көпшілікке көмегін тигізіп отыр. Ттұрғындар үшін тиімділігі мол мұндай бастама алдағы уақытта өз жалғасын тауып, басқа да ауылдық округтерде ашылатынына сеніміміз мол.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
22 наурыз 2020 ж. 764 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031