Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы мен аудандық халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік сала қызметкерлері күні мерекесіне орай іс-шара болып өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов, аудандық халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Совет Бабанаев, аудандық партия филиалының консультанты Гүлдәрі Иманалиева және сала қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Аталған шараны аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Мұратбайұлы ашып, жүргізіп, әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ шара аясында сүрінгенді сүйеп, жығылғанға демеп, адам баласына тек жақсылық жасап жүрген абзал жандарға аудан әкімі және "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық, аудандық филиалдарының арнайы алғыс хаттары табысталды. "Тәуелсіздігімізге 20 жыл толған жылы 28-қазан – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің төл мерекесі болып бекітілген еді. Бұл аға буын өкілдеріне, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға ұдайы қамқорлық танытып келетін Елбасының орасан құрметі деп білеміз. Біздің ауданымызда ерекше күтімді қажет ететін жандарға арналған әлеуметтік қызмет ететін сала қызметкерлері көптеген жандарға қызмет көрсетеді. Біз әрқашан да өз ісімізді адал атқаруға дайынбыз"-деді бөлімнің бас маманы Кетебай Өмірбек.
Нұр Отан Қазалы фейсбук парақшасынан
26 қазан 2018 ж. 1 443 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930