Ұстазы – талапты, шәкірті – талантты
Қазалы ауданының Кәукей ауылында орналасқан №225 орта мектептің іргетасы 1945 жылы қаланған. Алғашында бастауыш мектеп болды. Білім ордасының меңгерушісі әрі мұғалімі Жұмахмет Дәлиев еді. 1948 жылы мектепке Пірімбет Пішаев мұғалім болып келді.
1956 жылы кірпіштен 4 бөлмелі жаңа мектеп үйі салынды. Төрт жылдық бастауыш мектептің меңгерушілігіне Ерсұлтан Төлегенов сайланды. Бұл кезде оқушылар саны 100-ге жетті. 1970 жылы мектеп 8 жылдық болып қайта құрылды. Мектеп директорлығына 1963 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің химия факультетін бітіріген Әбжәли Бердіхалықов бекітілді. 1970-1971 жаңа оқу жылын 292 оқушымен бастады.
1976 жылдан бастап №225 мектеп орта мектепке айналды. 20 сынып комплектісі болып, 350 оқушы білім алды. Мектеп жанынан ферманың мал шаруашылығымен айналысатын отбасыларының балаларына арналған интернат ашылып, оған 23 бала қабылданды. 1976-1977 оқу жылында орта мектепті тұңғыш рет 37 оқушы бітірді. 1986 жылы қосымша спорт зал 1987 жылы 9 бөлмелі бастауыш мектеп үйі салынып пайдалануға берілді. Мектеп оқушыларының саны жылдан-жылға артып, №225 орта мектебі аудандағы іргелі білім ордасының біріне айналды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Кәукей ауылында 300 орындық жаңа мектеп тұрғызылып, 2010 жылдың 14 қарашасы күні пайдалануға берілді. Мектептің ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының бастығы Ж.Жонтаева, аудан әкімі А.Көшербай қатысты. Көркі көз тартар көркем ғимаратта 15 оқу кабинеті, интерактивті тақта, 2 информатика, компьютер сыныптары, шеберханалар, кітапхана, 210 орындық мәжіліс зал, спорт залы, 110 орындық асхана бар. Білім шаңырағын 1996 жылдан бері Дөңес Мешітбаев басқарып келеді.
– Жетпіс жылдық мектеп тарихында 2000-ға жуық түлек түлеп ұшты. Олардың ішінде үш «Алтын белгі», жеті «Үздік аттестат» иегері, жүздеген мемлекеттік білім грантының жеңімпаздары бар.Қазіргі таңда 241 оқушыға 45 мұғалім оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізумен айналысады, – деген мектер директоры шәкірттердің биылғы оқу жылында қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.
Мектеп оқушысы Эльмира Жанызакова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Қ.Жұбанов атындағы білім гранты» сетификатын иеленді.Білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХ республикалық Абай оқуларынан екінші орын алды. Шерхан Әби мен Саят Марат «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қоры, «Бала дарын» балалар байқауы жобасы аясында өткен «Бірге-Таза Қазақстан» атты республикалық фотосурет байқауына қатысып, үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Аслан Нәби грек-рим күресінен аудандық біріншілікте 38 келі салмақ дәрежесі бойынша екінші орын иеленді. Өмірзақ Айтжан Құмжиек ауылында өткен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, ақын Фариза Оңғарсынованың туылғанына 80 жыл толуына орай «Жыр менің жалғыз тарланым» атты аудандық көркемсөз байқауынан екінші орынды жеңіп алды. Білім мен спортты қатар алып жүрген жеткіншек грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы жарыста 38 келі салмақ бойынша үшінші орын алды.
Тағы бір өнерлі өрен Асылжан Шамшырақ «Нұрлы Жастар – болашаққа жол бастар» атты республикалық көркемсөз, ән-би байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша ерекше дарындылығын, таланттылығын биік деңгейде көрсетіп бірінші, Зейнел Жалғас «Эстрадалық вокал» номинациясында үшінші дәрежелі дипломмен және медалімен марапатталды. Асылжан Rvo.kz сайты оқушылар арасында ұйымдастырған Қазақстан тарихы пәнінен республикалық виртуалды олимпиадасының екінші, Зейнел бірінші дәрежелі диплом иегері. Аталған виртуалды олимпиадада Жұлдыз Алданбай, Дильназ Қайып, Жансая Марат жеңімпаз атанды. Жұлдыз Ақжігітова, Әділ Жалғасбаев Халықаралық Пони әлемді ашады байқауының жүлдегерлері. Ерасыл Байсалбай, Айдана Бақыт, Салтанат Ерпайыз, Әнел Әнуарбекқызы, Нұрсұлтан Қазиев, Жансая Махамбет, Нұртас Тұрмахан «Көкжиек» республикалық білімділер сайтының жеңімпаздары.
Сезім Мейірім республикалық «Рухани Алатау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Арт-Талант» атты шығармашылық байқауының ІІ дәрежелі дипломының, Нұржау Жақсылықов ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері. Qaztest.kz сайты дарынды оқушыларды анықтау мақсатында «География» пәнінен ұйымдастырылған республикалық оқушылар олимпиадасында және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңінде «Менің кіші Отаным» номинациясы бойынша жүлделі екінші орынға қол жеткізді.
Мектеп оқушыларынан құралған «Тұран» командасы ҚР «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, Қызылорда облысы әкімінің «Жастар» сыйлығының лауреаты, география пәнінің мұғалімі, марқұм Абдулла Сапар атындағы география пәнінен өткізілген дәстүрлі командалық олимпиадасынан бірінші орынды жеңіп алды. Рақымжан Ерполат мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Алтын күз» сурет байқауында көрсеткен үздік өнері үшін екінші, Досымжан Бақытұлы «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінде «Туған қалаға – игілікті істер» номинациясы бойынша бірінші, республикалық «Рухани Алатау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған «Арт-Талант» атты шығармашылық байқауында үшінші орын алды.
2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Шұғыла Әли, Гүлзат Өксікбай физика пәні бойынша екінші орын иеленіп, мектеп мерейін өсірді.
Талантты шәкірттің талабын шыңдап, шыңға көтерілуіне күш салып жүрген мұғалімдердің еңбегі ерен. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген тәмсілді ұстанатын Жанат Ахан, Абай Машай, Гүлназ Сауытбаева, Роза Аяпбергенова, Алтыншаш Байденес, Шара Бермаханова, Мөлдір Каюпова, Бағдагүл Сақтаған, Бағдагүл Жанзақ, Роза Сексенбаева секілді ұстаздар ұрпақ тәрбиесіне айтарлықтай үлес қосып жүрген мамандар.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА