Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздіктерді баптаған ұжым

Үздіктерді баптаған ұжым

Шәкен ауылындағы №134 орта мектептің іргетасын 1963 жылы «Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі», Қазалы ауданының Құрметті азаматы Құрманбай Баймаханов қалады. Бастауыш мектепте алғашында 17 оқушы, 1 мұғаліммен жұмысын бастайды. 1967 жылы мектеп оқушыларының саны артып, негізгі мектеп дәрежесіне жетеді. Сол кездері мектепте 167 оқушы оқып, оның 65-і интернатта тәрбиеленіп, білім алды. Мектеп жанындағы интернатқа алыс, жақын елді мекендердегі шопан балалары жатқызылады. 1971 жылы білім ошағының ғимараты қайта салынып, білім ордасына әр жылдары Игенбай Жалдыбаев, Файзулла Омаров, Құрманбай Баймаханов, Әзілхан Үмбетов, Амантай Сейталиев, Шәкизада Жаңабаева басшылық етті.

2001 жылы мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, орта мектеп дәрежесін алды. 2013-2014 оқу жылында мектеп басшысы болып Марат Кеулімжай қызмет атқарады. 2014 жылдан бастап мектеп директорылығына Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оңталап Роман тағайындалды. 2017 жылы типтік жобадағы 100 орындық жаңа мектеп және мектеп жанындағы 30 орындық интернаттың ғимараты пайдалануға берілді. Қазір мектепте 35 мұғалім дәріс береді. Оның 32-сі жоғары, 3-уі арнаулы орта білімді. Жоғары санатты бір, І санатты 6, ІІ санатты 18 ұстаз бар. 100 оқушы дәріс алады. Мектеп жанындағы интернатта 30 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Мектеп басшылығын Гүлдәурен Бақытбергенов атқаруда. 2018-2019 оқу жылында жаңашыл мұғалімдердің елеулі еңбегінің арқасында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мектептері арасынан бірінші орынға шықты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, ұлықтауға лайықты ұстаздарды айта кеткен артық болмас. Ерболат Оразалы директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары, ІІ санатты мұғалім. Қызылорда облысы білім басқармасының және аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Алғыс хатын иеленген. 2017 жылы «Білім-Ғылым-Инновация» интеграция орталығының облыстық «Мәңгілік ел жастары – ғылыммен индустрияға» атты ғылыми байқауында ғылыми бағдары мен әдістемелік шеберлігі үшін дипломмен, шәкірті 9 сынып оқушысы Аружан Мұғамбар облыстық «Мәңгілік ел жастары – ғылыммен индустрияға» атты ғылыми жобалар байқауында «Жас ғалым» номинациясымен марапатталды. 2017 жылы Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-педа­­го­гикалық қауымдастығының жаңар­тыл­ған білім беру мазмұнына сай оқы­­ту процесін арттыру мәселелеріне қатыс­ты үздік баяндама жасағаны үшін диплом, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алаш мұрасы: ұлт пен ұрпаққа білім берудегі қызметі» атты семинарға қатысып, сертификат берілген. Республикалық ақ­парат­тық, ғылыми-педагогикалық Intelligence.Kz журналында материалы жа­рық көрді.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі, І санатты ұстаз Мейрамгүл Байдомақованың де еңбегі ерен. Ол 2017 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын негізге ала отырып, республика мұғалімдері арасында ғылыми-практикалық конференцияда үздік баяндама жасап, сертификатқа қол жеткізді. «Білім-Ғылым-Инновация» интеграция орталы­ғының облыстық «Мәңгілік ел жастары – ғылыммен индустрияға» атты ғылыми байқауында ғылыми бағдары мен әдістемелік шеберлігі үшін диплом иемденді. Оқушысы Әзілхан Батырхан облыстық «Мәңгілік ел жас­тары – ғылыммен индустрияға» атты ғылыми жобалар байқауында жүл­делі ІІІ орынға көтерілді. Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-педаго­гика­лық қауымдастығының жаңар­тылған білім беру мазмұнына сай оқыту процесін арттыру мәселелеріне қатысты үздік баяндамасы үшін диплом алды. Аудандық орыс тілі және әдебиеті пәні апталығында Алғыс хатпен мадақталды. Аудандық пән олимпиадасында орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінен 10 сынып оқушысы Аяжан Кенжебек ІІІ орынды еншіледі. 2018 жылы ұстаздың «Инновациялық технологиялардың бі­лім берудегі рөлі» атты авторлық әдісте­мелік-көмекші құралы жарық көрді. Республикалық ақпараттық, ғылы­ми-педагогикалық Intelligence.Kz журналында бірнеше материалдары жарияланды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, І санатты оқытушы Динара Әлиева 2018 жылы «Қазіргі білім беру жүйесіндегі интеграциялық үдерістер» атты республикалық конференцияда диплом алған. Шәкірті Айзат Шарипова «Мәңгілік ел жастары – ғылыммен индустрияға» облыстық ғылыми жобалар байқауында дипломмен аталып өтті. Сонымен қатар тарих пәнінің мұғалімі, І санатты ұстаз Лаура Бердіжарованың да жеткен жетістіктері көп. Ол баптаған оқушылар білім сайыстарында бақ сынап, жүлдемен оралып жүр. Мектептегі жас мамандардың да өз ісіне деген сүйіспеншілігі зор. Математика пәнінің оқытушысы Есбол Асановтың шәкірттері түрлі байқаулар жеңімпазы.
Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі демек­ші әр баланың болашағын жарқын етуге ұжым басшысынан бастап, мұғалім, техникалық қызметкерге дейін жұмы­ла еңбек етуде. Алдағы уақытта шығарма­шылыққа шыңдалған шәкендік ұстаздар шәкірттерімен бірге биік шыңдардан көрінеді деген сенімдемін.

Айдарбек ӨТЕТІЛЕУОВ,
№134 орта мектебінің мұғалімі
Шәкен ауылы
11 қыркүйек 2019 ж. 1 395 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930