Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сергек өткен сенбілік

Сергек өткен сенбілік

Бұдан бұрын хабарлағанындай 7 наурыз бен 9 мамыр аралығында аудан бойынша тазалықтың екі айлығы жарияланған болатын. Осыған орай ауа райының салқындығына қарамастан, алғашқы сенбілік өткізілді. Іс-жоспарға сәйкес кенттің аумақтары бөлініп, жауапты қызметкерлер бекітілді. Аудан әкімдігі мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, барлық мекеме, кәсіпорындар тағы басқа да ұжымдар сенбілікке біркісідей қатысты. Бірінші кезекте шет аймақтардың тазалығын қамтамасыз етуге назар аударылды.
Кіреберістегі ашық алаңдардың барлығы тұрғындардың қоқыс тастайтын жеріне айналған. Наурыз айының басынан бері кент әкімдігі тарапынан бірнеше рет тазалық жұмыстары жүргізілді. Соның бірі 5-ші кварталдың орталығында орналасқан бұрынғы “Қарамай көлінің” орны. Сол жерде тұратындардың айтуы бойынша, Қ.Ерімбет, Михайлюк және басқа осыған жақын көше тұрғындары беймезгіл уақытта тұрмыстық қалдықтарды төгіп кететін көрінеді.
Сенбілік барысында бөлінген техника күшімен тазарту ісі жүргізілді. Сонымен қатар қазақ қорымы мен үлкен трасса аралығындағы ашық алаңдар қоқыстардан тазартылды. Бұдан басқа «Водокачка» елді мекеніне баратын аумақ, Қазалы қаласы-Әйтеке би кенті бағытындағы жол бойының жиегі қамтылып, 53 ұжымнан 795 адам, 6 техника қатысты.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
11 наурыз 2020 ж. 941 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930