Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан орталығындағы серпінді сенбілік

Аудан орталығындағы серпінді сенбілік

Баршаға белгілі 10 наурыздан бастап Әйтеке би кентінде күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуде. 7 сәуір күнгі тазалық жұмыстарына кенттің 10 аймағы белгіленіп, 34 ұжымнан 380 адам атсалысты. 9 техникамен 576 текше метр қоқыс полигон алаңына тасылды. Әйтеке би, Қ.Пірімов, В.Счастнов көшелеріне бөлінген ұжымдар тарапынан жол жиегіндегі бардюрлер топырақтан тазарту жұмыстарын атқарды. Т.Бөріқұлақов көшесі мен теміржол өткеліне дейінгі аралықта аудан әкімінің дербес бөлімдері, аудандық аурухана, емхана ұжымдары қоқыстарды теріп, қапқа салып шығарды. Осы көше бойындағы кәсіпкерлік нысан иесі Т.Тажмағамбетов өзінің ғимаратының айналасына тазарту жұмыстарын жүргізді. 5 кварталдың Қ.Ерімбет көшесіне теміржол ауруханасы, балабақшалар, қазақ қорымының айналасы мен тесік көпір аумағын тазартуға теміржол ұжымдары атсалысты.
Кенттегі өзекті мәселелердің бірі көпқабатты тұрғын үйлер ауласының тазалығын ұйымдастыру. Осы мақсатта сәуір айынан бастап техникалармен тазалық жұмыстар басталды. Жанқожа, Үмбет би көшесі мен "Мелиоратор" мөлтек ауданына қоқыстар кәсіпкерлердің техникасымен полигонға шығарылды. Сондай-ақ шет аймақтардағы төгілген қоқыстар погрузчик техникасымен көмілді. Осы жұмыстарға жеке техникаларынан көмек берген аудандық мәслихат депутаттары Ә.Сарабеков, Қ.Мәмбетжан, Б.Бекбауылов ағаларымызға жеке кәсіпкерлер Ш.Оразалиев, А.Дәрменовке алғысымызды білдіреміз.
Соңында айтарымыз жалпы күнделікті тазартылған көшелерге, белгіленбеген орындарға, шет аймақтарға тұрғындар тарапынан қоқыстарды тастау, көлікпен апарып төгіп кету сияқты келеңсіз әрекеттері тиылмай қайтадан көбейіп келеді. Сенбілік барысында сіздердің тастаған қоқыстарыңызды тазартып жатқан ұжымдар немесе кәсіпкерлер осы елдің жанашыр азаматтары деп білуіміз қажет. Және осы азаматтардың еңбегін бағалауымыз керек деп есептейміз.
Сондықтан да барша тұрғындарға тазалықты сақтау қажеттігін қатаң түрде ескертеміз. Қазіргі кезде "Қазалы-Көркем-Сервис" ЖШС, жеке кәсіпкер Ш.Оразалиев тарапынан қоқыс салатын арнайы жәшіктер пайдалануға берілуде. Сонымен бірге кенттен 10 шақырым қашықтықта орналасқан жаңа типті полигон алаңы үздіксіз қызмет көрсетеді. Тұрғындарға айтарымыз осы ұсынылған қызметтерді пайдалануға шақырамыз.
Әйтеке би кенті әкімінің аппараты
09 сәуір 2018 ж. 1 692 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930