Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшең таза болса, жүзің жарқын

Көшең таза болса, жүзің жарқын

Аудан әкімі өкімімен көктемгі санитарлық-тазалық жұмыстары екі айға ұласады.
Көгілдір көктемнің алғашқы сенбілігі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай өтті. Сенбілікке аудан әкімі М.Нәлхожаұлынан бастап мемлекеттік мекеме қызметкерлері, дәрігерлер, теміржолшылар, мұғалімдер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Олар көше бойларын, су жүретін арықтарды күл-қоқыстан тазартты. Сенбілікке ауданның барлық округтері қамтылды. Тазалық жұмыстарына арнайы техникалар да жұмылдырылды.
Мұнымен қоса, дәл осы үрдіс Қазалы қаласында да жалғасын тапты. Айта кетерлігі, ондағы мекемелер мен кәсіпорындардан барлығы 225 адам сенбілікке шығып, 3 Газ-53 көлігі және 3 трактор жұмысқа тартылды. Қазалы қаласындағы 1,4 шақырым көше бойындағы аяқ су жүретін арық іші мен 2,260 шақырымды құрайтын көше жолдарының бойындағы бордюрлердің жиегі тазаланып, сенбілік өз дәрежесінде өткізілді.
Екі айлық барысында аумақтарды тазалау­мен бірге тал отырғызу, гүл егу жұмыстары жүргізіледі. Жолдар мен аялдамалар, кіші сәулет ескерткіштері, ғимараттар маңдары қалыпқа келтірілмек.
Сергек басталған серпінді сенбілік 10 нау­рыздан 12 мамырға дейін жалғасын табады.
Е.ТАБЫНБАЕВ
19 наурыз 2018 ж. 1 684 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 202

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930