Тазалық жұмыстары жүргізілді
Бұдан бұрын 7 наурыздан бастап Әйтеке би кентінде екі ай көлемінде тазалық айлығы жарияланғандығы жөнінде әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.
Осыған орай бүгін кент көлемінде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар мекеме, кәсіпорындар тарапынан көше арықтары тазартылуда. Кенттегі шет аймақтарды тазарту жұмыстары да басталды, оның ішінде 5 кварталдағы қазақ-орыс қорымдардың аумағының тазалығын қарау мақсатында кент әкімдігі тарапынан сенбіліктер ұйымдастырылған болатын. Сенбілікке кент әкімінің қызметкерлері ұйымдасып құрал-саймандарымен шықты. Дегенмен сенбілікте бізді қынжылтқаны қазақ қорымы маңында тұрғындардың тастаған қоқыстарынан аяқ алып жүруге мүмкіндігі жоқ жағдайды көрдік. Оның ішінде балалардың памперстері, мектептің жазба дәптерлері мен тұрмыстық пайдаланған заттарды төгіп кеткендігін фотосуреттен анық байқауға болады. Біз сол үшін де 5 квартал халқы көрсін деп, бәлкім осы қоқыстарды тастаған азаматтарымыз көріп ұялар деген үлкен сеніммен фотосуретті жариялап отырмыз.
Ардақты ағайын! Бұл қоқыстарды сырттан ешкім әкеліп тастамайды. Барлығы 5 квартал тұрғындарының тастап жатқан қоқыстары деп білеміз. Қазақта "Өліні сыйламай тірі байымайды" деген жақсы қанатты сөз бар. Ең болмағанда қорымда жатқан азаматтарымызды сыйлап қорым маңына қоқыстар тастауды тоқтатайық.
Жалпы кенттің тазалығы өзімізге керек екендігін бір сәтке естен шығармайықшы құрметті тұрғындар.