Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қажырлы еңбекті қадірлеген

Қажырлы еңбекті қадірлеген

Қызығы мен шыжығы қатар жүретін күнделікті күйбең тіршілікте ел мүддесі алдында адал еңбек етіп жүргендер қатарында «ЭкоСервисСтройКонсалтинг» ЖШС қызметкері, тазалықшы Марал Ізтілеуова да бар.
Марал бұл салаға табаны күректей он жылын арнаған. Айтуынша тұрақты табыс үшін осы іске келген. Таңмен таласа тұрып, үйреншікті шаруасын бастайтын ол кәсіп сырын жасырмады.
– Тазалық жұмыстарына етіміз үйреніп кеткен. Тек кей жағдайда аудан тұрғындарының мәдениетінің аздығы көңіліңді қалдырады. Алайда он жыл бұрынғы ауанмен қазіргі жағдайда әлдеқайда өзгерістер бар. Күн санап дамып келеміз. Соның ішінде туған жердің тазалығын сақтауда менің және жанымдағы әріптестерімнің маңдай тері төгілді. Мамандығымыз айтарлықтай оңай болмаса да қоғам үшін пайдамыз аз емес, – деді.
Жасырып жабатыны жоқ, аула сыпыру, қоқыс тазалауға жастар жағы бара бермейді. Ал кейіпкеріміз шаруаны орта жолда қалдырып кетуге тырыспайды. Себебі бала бабы, баспана жайын ойлағандықтан одан әрі жалғастыруға тура келеді. Алғашында ол көп нәрсені жеткізуге жасқанса да артынша барлығын ашып айтты. Кейіпкеріміз осыдан бірнеше жыл бұрын өмірілік жұбайын келместің кемесіне мінгізеді. Төрт балалы ананың үлкен ұлы қазіргі таңда Арал ауданында қызмет жасайды екен. Қалған екі ұл, бір қызы қолында. Барлық баласы да жұмыссыз. Әлі күнге дейін есік жағалап, тұрақты қызмет таппай жүрген көрінеді. Марал апаның басында үй-жайы жоқ, жатақханада жалдамалы пәтерде тұрады.
Орайы келіп тұрғанда аталған мәселесін де қозғады. Дегенмен біздің қолымыздан келмейтінін, бұл сауалдың шешімін жауаптылар анықтап беретінін түсіндірдік.
Аудан тазалығында мін жоқ деп айта алмаймыз. Әйтседе күн санап тазалықшылардың ерен еңбегінің арқасында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Кейбір желөкпелердің олқылықтары таңның атысы, кештің батысына дейін табан тоздыратын жұмысшылардың әрекетін жоққа шығарады. Тұрғындар арасындағы шектен тыс айналаны ластауға құмартып тұратындар тазалықтың өзінен басталатынын мықтап ескергені жөн. Өйткені шыдамдылықпен тер төгіп жүрген тазалықшылардың арасында аяулы аналар да барын ұмытпайық.
Елуден асқан шағында қоршаған ортаны аялаған Марал Ізтілеуова бүгінде артынан ерген жасы кішілерге адам еңбегін бағалауда көрген-білгенін үйретіп келеді. Басына түскен қандай жағдайдың барлығына төзіп, балаларының қатардан қалмауын ойлап, аянбай тер төгіп жүрген ананың қажырлылығына тәнті болдық.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
07 наурыз 2020 ж. 779 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 87

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930