Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілікке салғырт қарайтындар бар

Сенбілікке салғырт қарайтындар бар

Бүгінгі таңда туған жердің тазалығы күн тәртібіндегі ең бірінші мәселелердің бірі болып тұр. Дүйсенбі күні өткен аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде ауылдық округтердегі санитарлық-тазалық жұмыстарына жүргізілген зерделеудің қорытындысы сөз болды.
Алдымен аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аппарат мәжілісіне жиналғандарға аудандық сайлау комиссиясының хаттамалық шешімі негізінде Қазалы ауданы әкімінің өкімімен Алпамыс Сауытбаев Қызылқұм ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы, Қайрат Әбубәкірұлы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанын жеткізіп, олардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан көлемінде көктемгі санитарлық-тазалық айлығының басталғанына да 1 айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт ішінде 4 рет сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқанымен әлі де болса кемшіліктер бар. Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрғиса Жалғасбаев айтты.
Нұрғиса Жаппарбергенұлының айтуынша, елді мекендерде бірнеше рет сенбілік жұмыстары ұйымдастырылған. Дегенмен, әлі де өз деңгейінде емес. Әйтеке би кенті бойынша 8 бағытта тазалық жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, теміржол өтетін көпір, тесік көпір аумағында, орталық базар маңында тазалық жұмыстары толыққанды атқарылмаған. Бүгінгі күні аяқ су келетін күн де алыс емес. Сондықтан, арықтарды тазалау қажет. “Мелиоратор” мөлтек ауданы, өндірістік аймақ, айналма жолда да қарқынды жұмыс істеуді қажет етеді. Жақын күндері “Жеңіс” саябағына да сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру керектігін жеткізді.
Хабарламаны мұқият тыңдаған Мұрат Нәлхожаұлы сенбілікке салғырт қарап жүргендер бар екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, аудан әкімі ауылдық округтердің әкімдеріне елді мекеннің орталығын ғана емес, ауылдың кіреберісінен бастап тазалау қажеттігін айтты.
«Науқандық жұмыста көп болып бірігіп, туған жердің гүлденуіне бәріміз атсалысуымыз керек», – деді аудан басшысы.
Басқосу үстінде аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков, “Нұр Отан” партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Талайлы Бөріқұлақов, “Қазалы Көркем Сервис” ЖШС директоры Дәулет Тұяқбаев, Сарыкөл, Ақжона ауылдық округтерінің әкімі Байназар Ерқосаев, Ақтілеу Бөріқұлақов күн тәртібіндегі мәселелерге байла-нысты ой-пікірлерін білдіріп, сөз сөйледі.
Аппарат мәжілісінің барысында аудан басшысы Сырдария өзенінен сең жүрген уақытта кейбір елді мекендер мен малшы ауылдарына қауіп төнген кезде күн-түн демей жүрген азаматтардың ерен еңбектерін ерекше айтып өтті.
– Су тасқынының алдын алу және оларды жоюға атсалысқан аудан тұрғындарына, мекеме, ұйым басшылары мен мамандарына ризашылығымды білдіріп, алғысымды айтамын. Қауіпті кезеңде белсенді атсалысқан азаматтардың қызметі елеусіз қалмайды, – деді аудан әкімі.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі өзінің орынбасарлары мен бірқатар мекеме басшыларына күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты тапсырма беріп, тез арада орындалуын қатаң қадағалауды жүктеді.
Ж.АЙЫМҚҰЛОВ
03 сәуір 2018 ж. 2 263 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930