Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицейлер сенбілікке шықты

Полицейлер сенбілікке шықты

Тазалық – денсаулық кепілі. Сондықтан да бүгінгі күні аудандағы тазалық маусымына тұрғындармен қатар барлық сала қызметкерлері біркісідей атсалысуда. Өткен сенбіде күннің салқын мезгілінде кент көшелерінде жиылып қалған қоқыстарды тазалауға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де қатысты. Ұжым болып жараса жұмыс істеген олар өздерінің ауызбіршілігі мен қоғам игілігі үшін жасалатын іске бей-жай қарамайтындығын көрсетті.
Сенбілікке жалпы құрамнан қырыққа жуық қызметкер қатысты. Бір топ Қ.Халықов көшесіндегі қураған шөптерді шауып, қоқыс жәшігіне жиыстырса, екіншісі топырақты жерді сыпырып, ескерткіш белгінің айналасын тазартты. Полиция майоры Қуандық Қонысбайдың айтуынша жұмыла жасалатын мұндай шаралар бұнымен тоқтап қалмайды.
– Өзі тұратын жерге жаны ашып, оның тазалығына көңіл бөлу – азаматтық парызымыз. Ауданның әр тұрғыны өз үйінің ауласын таза ұстаса бұл да туған жерге деген құрмет деп білемін. Бүгін Қ.Халықов көшесін толықтай тазартып шықтық. Алдағы уақытта да істі аяқсыз қалдырмай, бос уақытымызды кент келбетін көріктендіруге арнайтын боламыз, – деді ол.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

15 сәуір 2019 ж. 1 759 0

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 76

Компания көлік сыйлады

23 мамыр 2025 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031