Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылда жүріп-ақ абыройға бөленуге болады

Ауылда жүріп-ақ абыройға бөленуге болады


Қазалы локомотив жөндеу зауыты ұжымы жыл сайын жас мамандармен толығады. Солардың бірі — Қуанышбек Ерімбетов. Орта мектепті аяқтап, алысқа ат сабылтпай, аудан орталығындағы Қазалы көлік-техникалық колледжіне оқуға түскен Қуанышбек қолына диплом алысымен, 2011 жылы зауытқа жұмысқа орналасады.

«Қазір мелекетте кәсіптік бағдарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қай кезде де еңбек қана биікке бөлейді. Мен өзімнің осы саланы таңдағаныма өкінбеймін. Және барлық жастың еңбекті сүйгенін қалаймын және ауылда жүріп-ақ абыройға бөленуге болады деген ойдамын», — дейді жас маман.
 
«Темір жолда — темір тәртіп» ұғымы оған бала күннен таныс. Әкесінің темір жол маманы болғаны үнемі қиялына қанат бітіретін жігіт бұл саланың қиындығын бала жасынан сезініп өскенін жасырмады.
Алғаш слесарь болса, көп ұзамай жас жігіттің жұмысқа деген ынтасын байқаған басшылық оны құрастыру цехының машинист көмекшісі етіп ауыстырған.

Машинист көмекшісі — оңай жұмыс емес. Оны толық жүргізу, іске асыру үшін қозғалыс саласына қатысты ешбір жайды қалт жібермей, көңіліне тоқуға тырысады. Бұл жолда өзінен ағалық қамқорлығына аямаған алдыңғы буыннан үйренгені, үйренері көп екенін білетін жігітзамандастарын сүйсінтеді.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА

03 сәуір 2019 ж. 1 540 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031