Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дария деңгейі бақылауда

Дария деңгейі бақылауда

Қыс қаһары қайтып, күн жылығаннан Сырдарияның арғы бетіндегі жұртшылықтың дегбірі кетеді. Оған себеп – қалқымалы көпір мәселесі. Көп уақыттан бері түйіні тарқатылмай келе жатқан шаруаның көпшілік көңілінің түйткіліне айналғаны анық. Әйтсе де бұл бағытта жұмыс жасалмай жатқан жоқ.

Доңыз жылының соңына қарай Қазалының 7 және Арал ауданының 6 ауылындағы 14 мыңнан астам халықтың игілігі үшін Әлсейіт көпірі пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 219, ені 12 метрді құрайтын көпір салынып біткенде елдің риясыз қуанышына куәгер болдық. Қыруар қаржыға салынған темір-бетон көпір өткел мәселесін сейілткені рас.
Бірақ мұнымен жылда аудан халқын алаңдатқан дариядағы мәселелер толық шешілді деп айтуға болмайды. Себебі, Қазалы ауданына қарасты Абай ауылы мен «Қарлаң» учаскесіндегі қалқымалы көпірлердің жай-күйі жайлы тиісті орындарға хабарласқанбыз.
– Жексенбі күні Абай ауылы тұсындағы қалқымалы көпір уақытша алынып тасталды. Бұған ауа райының күрт жылынып, Сырдария өзенінде мұздың әр жерден үзіле ­бастауы себеп болып отыр.
Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен «Ел қызмет» ЖШС жұмысшылары мұзды көпірден өткізіп жіберуге жұмыс жасап жатыр. Амандық болса бұл жұмыстар аяқталған соң көпір қайтадан қалпына келтірілетін болады.
Абай ауылы тұсындағы өткелдің жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Осыған сәйкес аудан тұрғындарынан бұл мәселеге байланысты түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, – деді Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар әкімдік тарапынан «Қарлаң» учаскесіне қатысты мәлімет те сұрағанбыз. Бұл жайында:
– Сырдарияда айтарлықтай сең болмаса да, су бетіндегі мұздардың әр жерден үзіліп тұрғаны «Қарлаң» учаскесіндегі қалқымалы көпірге тіреліп қалып тұр. Қазіргі таңда тиісті сала мамандары мен «Қазалы Жолшы» ЖШС жұмысшылары мұзды көпірден өткізіп жіберуге жұмыс жасап жатыр. «Қарлаң» өткеліндегі жағдай тұрақты бақылауға алынды, – деген жауап алдық.
Е.ТАБЫНБАЕВ
03 наурыз 2020 ж. 984 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031