Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қарлаң" көпірі салынбақ

"Қарлаң" көпірі салынбақ

Облыс әкімі Қ.Ысқақов "Қарлаң" учаскесіндегі қалқымалы көпірдің жағдайымен де танысты. Көпір арқылы жол қатынасы қиындап отырғанын айтқан тұрғындардың өтініші елеусіз қалмады. Аймақ басшысы аталмыш көпірді салу үшін жоба сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді. Аталған көпір құрылысын жүргізу арқылы Өркендеу, Бірлік, Аранды, Бозкөл, Қызылқұм, Тасарық ауылдық округтері тұрғындарының аудан орталығымен тұрақты байланысын, қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
«Күні кеше «Әлсейіт» учаскесіндегі көпірдің пайдалануға берілгенін білесіздер. Ауданға қарасты 7 елді мекенде тұратын 8 мыңға жуық халық қатынайтын «Қарлаң» көпірінің де маңызы зор. Егер жаңа темір бетонды көпір тұрғызылса, ауданның экономикалық дамуына үлесі көп. Сондай-ақ, аталған көпірдің құрылысы «САРАТС-2» жобасына да енгізілген. Жоба құжаттары қабылданса, құрылыс жұмыстары 2021-2022 жылдары басталады», – дейді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов.
Облыс әкімінің төртінші күнгі сапары сапары Абай, Құмжиек, Майлыбас, Ақсуат ауылдарында жалғасты. Алыс шалғайда жатқан Шәкен мен Шиліге де барды.
«Былтыр осы ауылдың екі көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылды. Біз секілді үлкен адамға бұндай жағдай керек-ақ. Одан өзге жастарға саябақ салып берді. Елде 90 орындық балабақша салынып жатыр. Бұйырса, биыл немерелерімізді сонда жетектейміз деп отырмыз. Көшелер асфальттанып, ауыл тіршілігі жылдан-жылға жақсарып келеді. Облыс әкімінің арнайы шалғайда орналасқан ауылдарын аралап, елдің өтініштерін тыңдап жүргені біз үшін үлкен қуаныш. Аймақ басшысының қызметіне халық риза», –дейді Майлыбас ауылының тұрғыны Қуаныш Рзахан.
Қызылорда Облысының Әкімдігі
15 қаңтар 2020 ж. 1 273 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031