Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпірлер қиындығы артта қалмақ

Көпірлер қиындығы артта қалмақ

Өзіндік даму көрсеткіші бар Қазалы ауданы Сырдария өзенінің қос тарапына орналасқан. Бүгінде үш қалқымалы көпір арқылы қатынас жолы түзілген. Соның бірі – еліміздің Батыс аймағы жұртшылығы мен ауданның 15 мың халқын байланыстыратын «Әлсейіт» көпірінің қиындығын жұртшылық ұзақ жылдан бері сезініп келеді. Қалқымалы көпір көктемгі, күзгі сең жүру, су тасу кезеңінде халықты біршама әбігерге түсіреді. Қыста мұз үстімен қатынайтын көпшіліктің қазіргі күйттегені өзекті өткелдің тезірек қолданысқа берілуі.

Маңызды нысан Қазалы ауданының 7 ауылы мен Арал ауданының 6 елді мекені тұрғындарына қызмет етеді. 2017 жылы басталып, республикалық бюджеттің 2 млрд 600 млн теңгесіне жүргізіліп отырған құрылыс уақыты ұзарды.
Темірбетоннан тұратын заманауи көпірдің бірегей құрылыс­тың жалпы сметалық құны – 2 791,346 млн теңгені құрайды. 2018 жылы құрылыс жүргізіп жатқан мердігер компания өкілі нысанның салыну кестесін өзгерткен болатын. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта дария бойындағы жұмыс қарқынды жүргізілуде. Қажетті құрылыс материалдары жеткізілген. Алаң­дауға негіз жоқ.
Ұзындығы 219,45 метр, ені 12 метр болатын көпір – жаңа технология бойынша салынған Қазақстандағы бірегей нысан. Әрбір бағаны 5 тоннаға дейінгі салмақты көтеруге қауқарлы ол маңызы бар жолдарды жалғап жатыр. Қосымша жаяу жүргіншілерге арналған жол салу қарастырылған.
«Биыл ел болып көптен күткен көпірдің игілігін көреміз деп отырмыз. Жаңа көпір пайдануға берілгенде көліктер кідірмей, межелі уақытта діттеген жерлеріне жете алады. Бұл халықтың қауіпсіз қатынауымен қатар, транспорттық шығындарды мейлінше азайтып, іскерлік қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндікті молайтады», – дейді Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев.
Сырдария өзенінің үстінен салынып жатқан «Әлсейіт» құрылысына 2017-2019 жылдарға 1 441,0 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыс жасалса, жобаны аяқтауға қосымша 1 242,7 млн теңге қаржы берілген.
Аудан әкімі өз сөзінде дария суы аңғарынан асқан күннің өзінде кестеден бір күнде кешікпей нысанды халық игілігіне ұсынылу мақсат етіліп отырғанын атап өтті.
Нұрлан Ахметов, Арал ауданының тұрғыны:
– «Әлсейіт» көпірі салынады деген хабарды естігенде қазалылықтармен бірге, аралдықтар да қуанды. Себебі қай кезде де қатынас жолы маңызды. Бүгін жанынан өтіп бара жатып, құрылысшылардың қарқынды ісінен көпір уақытында бітетініне көңіліміз иланды, – дейді.
Қазіргі таңда конструкциялық элементтер бетондалып, бағанадар орналастырылуда.
Қыстай ауылдағы ағайынға ауыртпалық салған «Қарлаң» көпірі де аудан әкімінің назарында. Жақында ғана қайта қалпына келген өткелден өтушілердің пікіріне де құлақ астық.
«Орал қаласының тұрғынымын. Тоғызыншы мамыр күні Қожабақы ауылына Абай ауылындағы өткел арқылы жеттік. Жол ұзақ. Жанымдағылар жауын-шашынды күнде ол жолдар арқылы жүру ауыр әрі азапты екенін айтты. «Алыс жол атты сынайды» деген. Жеңіл автокөлігімнің астыңғы жағы жер сызып, мәшинені бейберекет өскен жабайы ағаштар сырып тас­тады.
Ал 11 мамырда қалпына келтірілген қалқымалы «Қарлаң» көпірі арқылы ауданға жол тарттық. Барар уақытта бір жарым сағатты жоғалтқан біз қайтарда небәрі жарты сағатта межелі жерге жетіп алдық.
Қазалы халқы қазір өздерінің бар мүмкіндігін көпірлердің жаңаруы мен қайта бой түзеуіне жұмылдырып жатқан көрінеді», – дейді Тілекқабыл Әлбетияров есімді жолаушы.
Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Әліби Әбиев көптің күткен «Қарлаң» учаскесіне көпір салу – облыс әкімінің қолдауымен САРАТС-2 жобасына енгізілетінін айтты.
Өткен жылы облыстық бюджеттен 20 млн теңге бөлініп, көпірдің техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Сондай-ақ Қожабақы-Бекарыстан би аралығындағы «Аяған» көпірін жөндеу жұмыстары басталған. Аталған жұмысты жалғастыруға облыстық бюджеттен 76 млн теңге қаржы қаралған.
«Әлсейіттен» әбіржіген ағайынның қауіпті өткелден қамсыз өтетін күні де алыс емес.
Жергілікті билік жаңа көпірлер елді мекен әлеуетін арттыруға зор үлес қосып, қазалылықтар ғана емес, көрші облыстармен экономикалық қатынас үшін қолайлы болатынына сенімді.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
14 мамыр 2019 ж. 1 760 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930