Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әділ сөз – жалын сөз

Әділ сөз – жалын сөз

Көкбай Жанатайұлы (1863 – 1926 ж. ) ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген суырып салма ақын, әнші. Ол – ұлы Абайдың сүйікті шәкірттерінің бірі. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы (ескіше Мұқыр облысы) Мұқыртақыр деген жерінде туған. Біз Көкбайдың Абай туралы айтқан бір топ өлең, шешендік сөздерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

АБАЙМЕН ҚОШТАСУ
Абай қайтыс болады. Көкбай ұстазының домбырасын қолына ала салып, бата қылып келген, көңіл айтқан адамдарға және Әйгерім мен Тұрағұлға жылап отырып, мынаны айтқан екен:
Абайдай ұл тумағы болар ғайып,
Насихат, үлгі шашқан жұртқа жайып.
Ақуалын сөйлеп кетті замананың,
Әулие, хакім деуге ол ылайық.

Кім келіп, бұл дүниеге кім кетпейді,
Кетті-өтті, сайрап-сайрап бір машайық.
Кең-ақыл, әділ жүрек қайран сабаз,
Алды ажар арамыздан торын жайып.
Абайдың атын білген әз қарындас,
Тілеймін бір дұға қыл қолың жайып!

КӨКБАЙДЫҢ ЗАСЕДАТЕЛДІКТЕН БОСАУЫ
Жақсылық деген кісі Шыңғыс, Мұқыр еліне халық соты болып келгенде Көкбай ақынмен танысып, әңгіме үстінде: “Сіз Абай сөзінен не білесіз, айта отырыңыз”, – депті. Сонда Көкбай:
– Абайдан сабақ алдым, бала жастан,
Адам жоқ ойға терең одан асқан.
Алды пейіш, артына ырыс болсын,
Мен оның шәкірті едім ізін басқан, – дейді.
Жақсылық: “Көке, мен түсіндім, жарайды. Менімен бірге жүріп, елдің жағдайымен таныстырарсыз”, – деп қолқа салады.
Содан кейін ол Көкбайды өзіне заседатель сайлапты. Сол Жақсылық сот мәжілісінде айыбы болса да, бір адамды ақтап жіберіпті. Ол қолына ұры ұстап, малы жоғалған адамдарға есе-теңдік бермейтін зорлықшыл, жуанжұдырық болса керек.
Көкбай сол жағдайға төзе алмай, қолма-қол былай деген екен:
– Жақа, сіз дәм бұйырып келдің мында,
Тексеріп төрт арысты жүрсің сында.
Әділдік наркескені суырылып,
Тот болып неше жылдай жатқан қында.

Құрылды жаңа жолдың ережесі,
Ашылды жабық жатқан терезесі.
Әй, деуге әже, қой, деуге қожа болмай,
Халықтың кеуіп еді кенезесі.

Кім жуан осы күнде – ұры жуан,
Ұрыны ұстағандар болған қуаң.
Тілдері байлануға жақындапты,
Пысықтар сөйлеп тұрған сумаң-сумаң.
Жақсылық осы өлеңнен кейін Көкбайды заседательдіктен босатып жіберіпті.

Дайындаған
Сахи БАХИҰЛЫ
04 қараша 2020 ж. 1 069 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930