Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда Абайдың барлық өлеңдерін жатқа білетін оқушы бар

Қазалыда Абайдың барлық өлеңдерін жатқа білетін оқушы бар

Қазалылық оқушы Аяулым Азен ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерін түгел жатқа біледі.

Әйтеке би кентіндегі №170 мектептің 8-сыныбына аяқ басқан Аяулым Хәкім Абайдың барлық өлеңдері мен 35 қара сөзін жатқа айтады. Ұлы ақынның өлеңдеріне құмартқан ол аудандық, облыстық «Абай оқулары» сайыстарында жүлдеге қол жеткізген.

Ал осы жылы «Өлең - сөздің патшасы, сөз - сарасы» атты облыстық Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа айтушылардың жарысында бірінші орын иеленді.

«Әкем Абай атаның өлеңдерін жаттасаңдар, жаман болмайсыңдар деген. Сіңлілерім де менімен жарыса өлең жаттауда», - дейді Аяулым.

Аяулымның зеректігін аңғарған ұстазы Майра Омарованың да айтары бар.

«Мен Аяулымның сынып жетекшісімін. Ол өте ұқыпты. Мәселен, Абайдың өлеңдерін бөліп-жармай, кітабының алғашқы бетінен, соңғы парағына дейін жаттаған. Сондай-ақ, Аяулым есепке де жүйрік», - дейді ұстазы.

Бұдан бөлек, Аяулым Абайдың қара сөздерін айтушылардың арасында өткен республикалық байқауда үшінші орын алған.

«Аяулым - қыздарымның тұңғышы. Әр ата-ана баласының жетістікке жеткенін, биіктерден көрінгенін қалайды. Мен де қызымның сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында көп қадағаладым. Әдепкіде математикаға деген құштарлығын ескеріп, осы бағыттарда жұмыс жасадық. Одан кейін, Абай атамыздың өлеңдеріне ден қойғыздым. Өз басым Абайдың қара сөзін, өлеңдерін білген жанның жаман болмайтынын білемін. Өлең-жыр кез келген жанға жігер мен шабыт сыйлайтыны анық. Бір жағынан есте сақтау қабілетінде арттырады», - дейді Аяулымның қара өлеңге қаршадайынан құмартуына себепкер болған әкесі Жеңісбек Аралбаев.

30 шілде 2018 ж. 1 919 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 151

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930