Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Колледж аруы – 2020" сайысы өтті

"Колледж аруы – 2020" сайысы өтті

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледждің оқу-тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес "Колледж аруы-2020" сұлулық байқауы ағымдағы жылдың 25 ақпан күні өткізілді.

Аталған іс-шараны колледж басшысы Б. Ахметов ашып, қатысушы аруларға сәттілік тіледі. Байқауға 10 ару қатысып бақтарын сынасты. Арнайы шақырту алған қазылар алқасы Қазалы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы
Р. Асанова, "Jas Otan" Қазалы аудандық филалының басшысы Г. Иманалиева, Қазалы аудандық мәдениет орталығының қызметкері М. Малдыбаева, колледждің оқытушысы Қ. Садуакасова және колледж "Кәусар" қыздар клубының жетекшісі
Г. Жалдыбаевалар қазылық жасап, қатысушы аруларға әділ бағасын берді. Қортындысы бойынша "Колледж аруы-2020" бағамымен бас жулдені №15 топ І курс студенті Жали Аружан колледж аруы атанды. 1 орынды №16 тобының І курс студенті Әуелбай Аяжан қанжығасына байласа, 2 орынды №90 тобының І курс студенті Елубаева Мереке, 3 орынды №86 тобының ІІ курс студенті Зауқымова Асыл иемденді. Көрермен көзайымы номинация бағамымен №13 тобының ІІ курс студенті Әшім Үміт және №90 тобының І курс студенті Нысанәлі Гүлсая көрікті қыз номинация бағамына ие болды. Және қатысушы 4 аруға Алғыс хаты берілді. Аталған кешті ата-аналар тамашалап, тәрбиелік мәні бар шараның куәсі болды. Кешті оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары С. Ералы қортындылап қатысушы аруларға рахметін білдіре отырып, аруларды құттықтады. Қатысқан арулардың аналарына колледж әкімшілгі атынан Алғыс хатын табыстады.
26 ақпан 2020 ж. 1 427 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930