Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күз ханшайымы анықталды

Күз ханшайымы анықталды

Қазалы қаласындағы «Ақерке» балабақ­шасында «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері арасында «Күз аруы – 2018» байқауы өткізілді.
Мерекелік ертеңгілік көрініспен ашылды. Онда өз тәжін жоғалтып алған күз ханшайымына балақайлар көмектеседі. Сөйтіп, тәж жасырынған жапырақтарды ашқан байқауға қатысушылар өз реттіліктерін анықтады.
Сайысқа қатысушы қыздар «Тегімді менің сұрасаң...» бөлімінде өздерін таныстырып, «Өнерлі бала – елдің көркі» шарты бойынша өнерлерін ортаға салды. «Күз байлығы» аталатын кезеңде аналарының көмегімен көкөніс пен жемістен салат жасады. «Сұлулық сыры» сынағында сән үлгісін көрсетіп, аналарымен бірлесіп жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетті.
Кештің көркін «Балдәурен» тобының өнерлі жігіттері ән айтып, би билеп қыздырды.
Нәтижесінде, күз аруы байқауының барлық талабынан мүдірмей өткен Назқоңыр Қанжарбекова «Күз ханшайымы» атанып, тәж киді. Балабақша ата-анасы Тұрсынбек Нұрасылұлы сайысқа қатысқан кішкентай аруларға қуыршақ сыйлады.
Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА
30 қазан 2018 ж. 3 833 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930