Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа ғасыр жастары жырлайды

Жаңа ғасыр жастары жырлайды

    Қазалы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен еңселі елордамыздың 20 жылдығына, 1шілде- Ұлттық домбыра күніне және 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне арналған аудан жастарының «Жаңа ғасыр жастары жырлайды» атты мерекелік думанды кеші өтті. Шараның мақсаты: Елбасының тарихи ерлігі саналған елордамыздың өткені мен бүгіні, жиырма жылдағы тартулы толағай табыстары жайында өрбісе, Елбасымыз 2018 жылдың 1 шілдесін –ұлттық домбыра күні деп жариялап, қазақтың қасиетті қара домбырасын атаулы күндердің күнтізбесіне қосып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаса, халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл- ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын басылым иелерінің кәсіби мерекесін атап өту болды. 
    Мерекелік басқосуға аудандық кітапхана жанындағы «Руханият» қызығушылар клубының мүшелері, біздің жалынды жастарымыз қатысты. Мәдени-рухани шараға аудандық «Қазалы» газетінің жауапты хатшысы Есет Табынбаев, кітапхананың тұрақты оқырманы Мереке Сұлтанбаева, Өркендеу ауылындағы ауылдық кітапхананың кітапханашысы Несібелі Нұрадин, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «тарих» факультетінің ІІ курс студенті Әбілдос Рамазан, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Филология» факультетінің ІІ курс студенті Бақытжан Қаһар, Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің 9 сынып оқушысы Ізбасар Меруерт, Қазалы агро-техникалық колледжінің І курс студенті Қабылша Арыстанбек, Қазалы агро-техникалық колледжінің ІІ курс студенті Көпен Мұхтархан, Қорқыт Ата атындағы балалар музыка мектебінің 4-сынып оқушысы Зейнедин Көркемай, Р.Бағланова атындағы аудандық Мәдениет орталығының өнерпаздары Сәдуақас Тұрар, Сариев Әмір, Әйтеке би кенттік клубының өнерпазы Кемал Ұлболсын, Жалаңтөс батыр ауылының Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің 9- сынып оқушысы Хайрулла Динара, Өркендеу ауылындағы №104 орта мектептің 5-сынып оқушысы Нағидулла Нұрайым және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысып керемет кештің куәсі болды.

Айдос Мейірімхан
30 маусым 2018 ж. 2 830 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031